![16 дюймдің MacBook Pro компьютерінің алдындағы 14 дюймдік MacBook Pro компьютері.](https://help.apple.com/assets/64DBB2978230B717A4088C8C/64DBB2DEF027B0393506B156/kk_KZ/819734a5da1918b184f8929093242d39.png)
MacBook Pro негіздері
![Қосалқы құралдары бар 16 дюймдік MacBook Pro компьютерінің бүйірлік көрінісі.](https://help.apple.com/assets/64DBB2978230B717A4088C8C/64DBB2DEF027B0393506B156/kk_KZ/c6180e14f33152c1b21e7d08458211f9.png)
Жаңа Mac компьютеріңізді қарау
MacBook Pro компьютерінің порттарына, қосқыштарына, қосалқы құралдары мен басқа мүмкіндіктеріне жылдам кіріспені алыңыз.
![Экранында «hello» сөзі және «Get Started» деген түймесі бар ашық тұрған MacBook Pro.](https://help.apple.com/assets/64DBB2978230B717A4088C8C/64DBB2DEF027B0393506B156/kk_KZ/23dde1dd6a31f7d91965b77d687d08d2.png)
Жұмысты бастағыңыз келеді ме?
MacBook Pro компьютеріңізді қақпағын ашу немесе кез келген пернені басу арқылы іске қосыңыз. Setup Assistant нұсқауларын орындаңыз, сонымен болды, жұмыс істей бересіз.
![MacBook Pro компьютерінің жоғарыдан көрінісі.](https://help.apple.com/assets/64DBB2978230B717A4088C8C/64DBB2DEF027B0393506B156/kk_KZ/1c0bcc3e1a3f9ff1938f3c02fafa99e1.png)
Mac компьютерін жаңадан қолданып жатсаңыз
macOS Sonoma жүйесі бар жаңа MacBook Pro компьютеріңіздің орындай алатын нәрселерін ашыңыз. Әсіресе, Windows компьютерінен ауысып жатсаңыз, бұл кеңестер мен әдістер сізге жұмысты бастауыңызға көмектеседі.
![FaceTime, Shortcuts және Messages қолданбаларының қабаттасқан экрандары.](https://help.apple.com/assets/64DBB2978230B717A4088C8C/64DBB2DEF027B0393506B156/kk_KZ/c73081fc3655e223dc42d42950b0395e.png)
Жаңа мүмкіндіктерді табыңыз
Жаңа macOS Sonoma жүйесінде және қосылған қолданбаларыңызда қандай жаңа мүмкіндіктер барын табыңыз.
![MacBook Pro компьютеріңізге қосылған қолданбалардың белгішелері.](https://help.apple.com/assets/64DBB2978230B717A4088C8C/64DBB2DEF027B0393506B156/kk_KZ/11dda127c7f31232c6729731c993ab78.png)
Көбірек тапсырма орындаңыз
MacBook Pro компьютеріңіз орындағыңыз келетін барлық нәрселерге арналған қолданбалармен келеді. Фотосуреттеріңіз бен бейнелеріңізді өңдеңіз және бөлісіңіз, көрсетілімдер жасаңыз және музыканы, кітаптарды, фильмдерді және т.б. тамашалаңыз. App Store дүкенінде жаңа қолданбаларды, соның ішінде енді Apple Silicon процессоры бар Mac компьютеріңізде іске қосылатын iPhone және iPad қолданбаларын табыңыз.
MacBook Pro компьютеріңізбен берілген қолданбалар туралы қосымша мәліметер алу
Бұл MacBook Pro негіздер нұсқаулығы қазіргі MacBook Pro үлгілеріне арналған. Нұсқаулықты шолу үшін беттің жоғарғы жағындағы Table of Contents түймесін басыңыз немесе іздеу өрісіне сөзді немесе тіркесті енгізіңіз.
Көбірек көмек керек болса, MacBook Pro Support веб-торабына кіріңіз.