Mac Studio негіздері
Жаңа Mac компьютеріңізді қарау
Mac Studio компьютеріңіздің порттарына, қосқыштарына, қосалқы құралдары мен басқа мүмкіндіктеріне жылдам кіріспе алыңыз.
Жұмысты бастағыңыз келеді ме?
Дисплейді, пернетақтаны және тінтуірді немесе тақтаны қосқаннан кейін Mac Studio компьютеріңіздің артындағы қуат түймесін басыңыз. Setup Assistant нұсқауларын орындаңыз, сонымен болды, жұмыс істей бересіз.
Үндестірген күйде болыңыз
iCloud қызметімен құжаттарға, фотосуреттерге, музыкаға, қолданбаларға және күнтізбелерге барлық құрылғыларыңыздан қатынаңыз.
Жаңа мүмкіндіктерді табыңыз
Жаңа macOS Sonoma жүйесінде және қосылған қолданбаларыңызда қандай жаңа мүмкіндіктер барын табыңыз.
Көбірек тапсырма орындаңыз
Mac Studio компьютеріңіз орындағыңыз келетін барлық дерлік нәрселерге арналған қолданбалармен келеді. Фотосуреттеріңіз бен бейнелеріңізді өңдеңіз және бөлісіңіз, көрсетілімдер жасаңыз және музыканы, кітаптарды, фильмдерді және т.б. тамашалаңыз. Және App Store дүкенінде жаңа қолданбаларды, соның ішінде енді Mac Studio компьютеріңізде іске қосылатын iPhone және iPad қолданбаларын табыңыз.
Mac Studio негіздері нұсқаулығын шолу үшін беттің жоғарғы жағындағы Table of Contents түймесін басыңыз немесе іздеу өрісіне сөзді немесе тіркесті енгізіңіз.
Көбірек көмек керек болса, Mac Studio Support веб-торабына кіріңіз.