iMac негіздері
Жаңа Mac компьютеріңізді қарау
iMac мүмкіндіктерінің жылдам кіріспесін алыңыз.
Жұмысты бастағыңыз келеді ме?
iMac компьютерінің артындағы қуат түймесін басыңыз, пернетақтаңыз бен тінтуіріңізді қосыңыз, Setup Assistant нұсқауларын орындаңыз, сонымен болды, жұмыс істейді.
Үндестірген күйде болыңыз
iCloud қызметімен хабарларыңызға, фотосуреттеріңізге, жазбаларыңызға және т.б барлық құрылғыларыңыздан қатынаңыз. Ал телефон қоңырауларын шалу, тапсырмаларды беру және құрылғылар арасында көшіріп, қою үшін iMac компьютеріңізді iOS және iPadOS құрылғыларыңызбен пайдаланыңыз.
iMac компьютеріңізді iCloud қызметімен және Continuity мүмкіндігімен пайдалану
Көбірек тапсырма орындаңыз
iMac компьютеріңіз орындағыңыз келетін барлық нәрселерге арналған қолданбалармен келеді. Фотосуреттеріңіз бен бейнелеріңізді өңдеп, бөлісіңіз, көрсетілімдер жасаңыз және музыка, кітаптар, фильмдер мен т.б. нәрселерді тамашалаңыз. Және App Store дүкенінде жаңа қолданбаларды, соның ішінде енді M1 чипі бар Mac компьютерлерінде іске қосылатын iPhone және iPad қолданбаларын табыңыз.
iMac компьютеріңізбен берілген қолданбалар туралы мәліметтер алу
Жаңа мүмкіндіктерді табыңыз
IMac, macOS Monterey және қосылған қолданбалардағы жаңа мүмкіндіктер туралы анықтаңыз.
iMac компьютеріңіздегі жаңа мүмкіндіктер туралы мәліметтер алыңыз
Бұл нұсқаулық қазір жеткізіліп жатқан 24 дюймдік iMac* компьютеріне, 21,5 дюймдік iMac компьютеріне және 27 дюймдік iMac компьютеріне арналған. iMac негіздері нұсқаулығын шолу үшін беттің жоғарғы жағындағы Table of Contents түймесін басыңыз немесе іздеу өрісіне сөзді немесе тіркесті енгізіңіз. Нұсқаулықты Apple Books қызметінен (қолжетімді жерде) жүктеп алуыңызға да болады.
Көбірек көмек керек болса, iMac Support веб-торабына кіріңіз.