![iMac дисплейі.](https://help.apple.com/assets/645A91EED256477315741B15/645A91FBD256477315741B88/kk_KZ/1cdabd038b54b8bf670c216ef77811e5.png)
iMac негіздері
![24 дюймдік iMac компьютерінің алдыңғы және бүйірлік көріністері.](https://help.apple.com/assets/645A91EED256477315741B15/645A91FBD256477315741B88/kk_KZ/105e4c5bba4166f7c627f51e50b5b40e.png)
![Қуат түймесін ерекшелеп тұрған 24 дюймдік iMac компьютерінің артқы көрінісі.](https://help.apple.com/assets/645A91EED256477315741B15/645A91FBD256477315741B88/kk_KZ/6eb115a380c56880abe94c83d9f19a1e.png)
Жұмысты бастағыңыз келеді ме?
iMac компьютерінің артындағы қуат түймесін басыңыз, пернетақтаңыз бен тінтуіріңізді қосыңыз, Setup Assistant нұсқауларын орындаңыз, сонымен болды, жұмыс істейді.
![iMac, iPhone және iPad құрылғыларында көрсетілген Notes қолданбасындағы дүкен аралау тізімі.](https://help.apple.com/assets/645A91EED256477315741B15/645A91FBD256477315741B88/kk_KZ/568851fd85e154b6a85425ad1b45d50d.png)
Үндестірген күйде болыңыз
iCloud қызметімен хабарларыңызға, фотосуреттеріңізге, жазбаларыңызға және т.б барлық құрылғыларыңыздан қатынаңыз. Ал телефон қоңырауларын шалу, тапсырмаларды беру және құрылғылар арасында көшіріп, қою үшін iMac компьютеріңізді iOS және iPadOS құрылғыларыңызбен пайдаланыңыз.
![Maps, Safari және Messages қолданбаларының қабаттасқан экрандары.](https://help.apple.com/assets/645A91EED256477315741B15/645A91FBD256477315741B88/kk_KZ/61cbc90e8b3763d936b66ac0df291b13.png)
Жаңа мүмкіндіктерді табыңыз
Жаңа macOS Sonoma жүйесінде және қосылған қолданбаларыңызда қандай жаңа мүмкіндіктер барын табыңыз.
![Mac компьютеріңізге қосылған қолданбалардың белгішелері.](https://help.apple.com/assets/645A91EED256477315741B15/645A91FBD256477315741B88/kk_KZ/11dda127c7f31232c6729731c993ab78.png)
Көбірек тапсырма орындаңыз
iMac компьютеріңіз орындағыңыз келетін барлық нәрселерге арналған қолданбалармен келеді. Фотосуреттеріңіз бен бейнелеріңізді өңдеңіз және бөлісіңіз, көрсетілімдер жасаңыз және музыканы, кітаптарды, фильмдерді және т.б. тамашалаңыз. App Store дүкенінде жаңа қолданбаларды, соның ішінде енді Apple Silicon процессоры бар Mac компьютеріңізде іске қосылатын iPhone және iPad қолданбаларын табыңыз.
iMac компьютеріңізбен берілген қолданбалар туралы мәліметтер алу
Бұл iMac негіздері нұсқаулығы ағымдағы 24 дюймдік iMac компьютеріне арналған*. iMac негіздері нұсқаулығын шолу үшін беттің жоғарғы жағындағы «Мазмұны» түймесін басыңыз немесе іздеу өрісіне сөзді немесе тіркесті енгізіңіз.
Көбірек көмек керек болса, iMac Support веб-сайтына кіріңіз.