![Бірінің алдында екіншісі орналасқан екі iMac дисплейі.](https://help.apple.com/assets/5FFCB427A591642D7264F5C7/5FFCB42DA591642D7264F5DF/kk_KZ/3c0c7725dde0cedae1b136d63ff295c2.png)
iMac негіздері
![24 дюймдік iMac компьютерінің алдыңғы және бүйірлік көріністері.](https://help.apple.com/assets/5FFCB427A591642D7264F5C7/5FFCB42DA591642D7264F5DF/kk_KZ/ba4278127cd2e53c2e121dcbb13e795f.png)
Жаңа Mac компьютеріңізді қарау
iMac мүмкіндіктерінің жылдам кіріспесін алыңыз.
![Қуат түймесін ерекшелеп тұрған 24 дюймдік iMac компьютерінің артқы көрінісі.](https://help.apple.com/assets/5FFCB427A591642D7264F5C7/5FFCB42DA591642D7264F5DF/kk_KZ/f0ff4b35b2c96d25c83e4e2cc4043ffd.png)
Жұмысты бастағыңыз келеді ме?
iMac компьютерінің артындағы қуат түймесін басыңыз, пернетақтаңыз бен тінтуіріңізді қосыңыз, Setup Assistant нұсқауларын орындаңыз, сонымен болды, жұмыс істейді.
![iMac, iPhone және iPad құрылғыларында көрсетілген Notes қолданбасындағы дүкен аралау тізімі.](https://help.apple.com/assets/5FFCB427A591642D7264F5C7/5FFCB42DA591642D7264F5DF/kk_KZ/4a2f7988448eff637d4fbd1b7d43a1c6.png)
Үндестірген күйде болыңыз
iCloud қызметімен хабарларыңызға, фотосуреттеріңізге, жазбаларыңызға және т.б барлық құрылғыларыңыздан қатынаңыз. Ал телефон қоңырауларын шалу, тапсырмаларды беру және құрылғылар арасында көшіріп, қою үшін iMac компьютеріңізді iOS және iPadOS құрылғыларыңызбен пайдаланыңыз.
iMac компьютеріңізді iCloud қызметімен және Continuity мүмкіндігімен пайдалану
![Mac компьютеріңізге қосылған қолданбалардың белгішелері.](https://help.apple.com/assets/5FFCB427A591642D7264F5C7/5FFCB42DA591642D7264F5DF/kk_KZ/08d08f2bd66786fd17825c4d4d97bb7c.png)
Көбірек тапсырма орындаңыз
iMac компьютеріңіз орындағыңыз келетін барлық нәрселерге арналған қолданбалармен келеді. Фотосуреттеріңіз бен бейнелеріңізді өңдеп, бөлісіңіз, көрсетілімдер жасаңыз және музыка, кітаптар, фильмдер мен т.б. нәрселерді тамашалаңыз. App Store дүкенінде жаңа қолданбаларды, соның ішінде енді iMac компьютерлерінде іске қосылатын iPhone және iPad қолданбаларын табыңыз.
iMac компьютеріңізбен берілген қолданбалар туралы мәліметтер алу
![Maps, Safari және Messages қолданбаларының қабаттасқан экрандары.](https://help.apple.com/assets/5FFCB427A591642D7264F5C7/5FFCB42DA591642D7264F5DF/kk_KZ/0c45047c602713ee884682284069b9b4.png)
Жаңа мүмкіндіктерді табыңыз
macOS жүйесіндегі жаңа мүмкіндіктер, қосылған қолданбалар және iMac компьютеріңіз туралы ақпарат алыңыз.
iMac компьютеріңіздегі жаңа мүмкіндіктер туралы мәліметтер алыңыз
Бұл нұсқаулық қазір жеткізіліп жатқан 24 дюймдік iMac* компьютеріне, 21,5 дюймдік iMac компьютеріне және 27 дюймдік iMac компьютеріне арналған. Нұсқаулықты шолу үшін беттің жоғарғы жағындағы Мазмұны түймесін басыңыз немесе іздеу өрісіне сөзді немесе тіркесті енгізіңіз. Нұсқаулықты Apple Books қызметінен (қолжетімді жерде) жүктеп алуыңызға да болады.
Көбірек көмек керек болса, iMac Support веб-торабына кіріңіз.