24 дюймдік iMac компьютерінің алдыңғы және бүйірлік көріністері.

Жаңа Mac компьютеріңізді қарау

iMac мүмкіндіктерінің жылдам кіріспесін алыңыз.

iMac компьютерін шолу

Қуат түймесін ерекшелеп тұрған 24 дюймдік iMac компьютерінің артқы көрінісі.

Жұмысты бастағыңыз келеді ме?

iMac компьютерінің артындағы қуат түймесін басыңыз, пернетақтаңыз бен тінтуіріңізді қосыңыз, Setup Assistant нұсқауларын орындаңыз, сонымен болды, жұмыс істейді.

iMac компьютеріңізді іске қосу

iMac, iPhone және iPad құрылғыларында көрсетілген Notes қолданбасындағы дүкен аралау тізімі.

Үндестірген күйде болыңыз

iCloud қызметімен хабарларыңызға, фотосуреттеріңізге, жазбаларыңызға және т.б барлық құрылғыларыңыздан қатынаңыз. Ал телефон қоңырауларын шалу, тапсырмаларды беру және құрылғылар арасында көшіріп, қою үшін iMac компьютеріңізді iOS және iPadOS құрылғыларыңызбен пайдаланыңыз.

iCloud қызметін iMac компьютеріңізбен пайдалану

Maps, Safari және Messages қолданбаларының қабаттасқан экрандары.

Жаңа мүмкіндіктерді табыңыз

Жаңа macOS Sonoma жүйесінде және қосылған қолданбаларыңызда қандай жаңа мүмкіндіктер барын табыңыз.

macOS Sonoma жүйесіндегі жаңа мүмкіндіктер

Mac компьютеріңізге қосылған қолданбалардың белгішелері.

Көбірек тапсырма орындаңыз

iMac компьютеріңіз орындағыңыз келетін барлық нәрселерге арналған қолданбалармен келеді. Фотосуреттеріңіз бен бейнелеріңізді өңдеңіз және бөлісіңіз, көрсетілімдер жасаңыз және музыканы, кітаптарды, фильмдерді және т.б. тамашалаңыз. App Store дүкенінде жаңа қолданбаларды, соның ішінде енді Apple Silicon процессоры бар Mac компьютеріңізде іске қосылатын iPhone және iPad қолданбаларын табыңыз.

iMac компьютеріңізбен берілген қолданбалар туралы мәліметтер алу

Бұл iMac негіздері нұсқаулығы ағымдағы 24 дюймдік iMac компьютеріне арналған*. iMac негіздері нұсқаулығын шолу үшін беттің жоғарғы жағындағы «Мазмұны» түймесін басыңыз немесе іздеу өрісіне сөзді немесе тіркесті енгізіңіз.

Көбірек көмек керек болса, iMac Support веб-сайтына кіріңіз.

*Экранның нақты диагоналы 23,5 дюйм. Барлық мүмкіндіктер мен мазмұн барлық елдерде немесе аймақтарда қолжетімді бола бермейді. Apple TV+ үшін жазылу талап етіледі.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.