Mac компьютеріңіз үшін маңызды қауіпсіздік ақпараты
ЕСКЕРТУ: Бұл қауіпсіздік нұсқауларын орындамау өртті, токтың соғуын немесе жарақатты не iMac Pro компьютеріне немесе басқа затқа зақым тудыруы мүмкін. iMac Pro компьютерін пайдаланбастан бұрын төмендегі барлық қауіпсіздік ақпаратын оқыңыз.
Ұстау. iMac Pro компьютеріңізді компьютердің асты мен айналасында ауаның жеткілікті айналуына мүмкіндік беретін қатты, тұрақты жұмыс бетіне орнатыңыз. Заттарды ешқашан желдеткіш саңылауларына кіргізбеңіз. iMac Pro компьютеріңіз түскен, күйген, тесілген немесе сынған жағдайда немесе ол майлар мен лосьондар сияқты сұйықтыққа тиген жағдайда зақымдалады. Зақымдалған iMac Pro компьютерін, мысалы, экраны сынған, пайдаланбаңыз, себеді ол жарақаттауы мүмкін.
Сұйықтыққа қалдыру. iMac Pro компьютеріңізді сусындар, майлар, лосьондар, шұңғылшалар, ванналар, душ бөлмелері сияқты сұйықтық көздерінен алыс ұстаңыз. iMac Pro компьютеріңізді жаңбыр, қар және тұман сияқты дымқыл, ылғал немесе сулы ауа райынан қорғаңыз.
Қуат. Қуатты толығымен өшірудің жалғыз жолы — қуат сымын ажырату. iMac Pro компьютерін қажет кезде ажырата алу үшін қуат сымының кемінде бір ұшы оңай қол жететін жерде болуын тексеріңіз. Келесі жағдайлардың кез келгені орын алса, қуат сымын ажыратыңыз (сымнан емес, ашадан тартып) және барлық кабельдерді ажыратыңыз:
Қуат сымы немесе ашасы қырылса немесе басқаша зақымдалса.
Корпусқа бірнәрсе төгіп алдыңыз.
iMac Pro компьютеріңіз жаңбырда немесе қатты ылғалда қалған.
iMac Pro компьютеріңіз түсіп кеткен немесе корпусы зақымдалған.
iMac Pro компьютеріңізге қызмет көрсету немесе оны жөндеу қажет деп ойлайсыз.
Корпусты тазалағыңыз келеді (тек осы құжаттың соңында сипатталған ұсынылған процедураны пайдаланыңыз).
Қуат техникалық деректері:
Кернеу: 100 - 240 В АТ
Ток: 6.5 А, ең көбі
Жиілік: 50 - 60 Гц
ЕСКЕРТУ: АТ сымында үш сымды жерге қосылатын аша (жерге қосу істігі бар аша) бар. Бұл аша тек жерге қосылған АТ розеткасына шақ келеді. Розетка жерге қосылмағандықтан ашаны розеткаға қоса алмасаңыз, розетканы дұрыс жерге қосылғанымен ауыстыру үшін лицензиясы бар электрикке хабарласыңыз. Жерге қосатын істіктің мақсатын бұзбаңыз.
Есту қабілетінен айырылу. Дыбысты жоғары дыбыс деңгейінде тыңдау есту қабілетіңізді зақымдауы мүмкін. Артқы шу, сонымен қатар жоғары дыбыс деңгейінде үздіксіз тыңдау дыбыстарды олардың шын деңгейінен тыныштау етіп көрсетуі мүмкін. iMac Pro компьютеріңізбен тек үйлесімді құлақ тығындарын, құлақаспаптарды немесе құлаққаптарды пайдаланыңыз. Құлаққа аспапты салмастан бұрын, дыбысты қосып, дыбыс деңгейін тексеріңіз. Дыбыс дәне есту бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Ықтимал есту қабілетінің зақымдалуын болдырмау үшін ұзақ уақыт бойы жоғары дыбыс деңгейінде тыңдамаңыз.
Жөндеу. iMac Pro компьютеріңізде пайдаланушы қызмет көрсететін бөліктер жоқ. iMac Pro компьютеріңізді ашпаңыз немесе бөлшектемеңіз, не болмаса оны жөндеуге не қандай да бір компоненттерін ауыстыруға әрекет етпеңіз. iMac Pro компьютерін бөлшектеу оны зақымдауы немесе сізді жарақаттауы мүмкін. iMac Pro компьютеріңізге қызмет көрсету керек болса, зақымдалса, дұрыс жұмыс істемесе немесе сұйықтыққа тисе, Apple корпорациясына немесе Apple корпорациясының өкілетті қызмет провайдері сияқты Apple корпорациясының өкілетті жөндеу орталығына хабарласыңыз. iMac Pro компьютерін ашуға әрекет етсеңіз, компьютерді зақымдап аласыз және осындай зақым iMac Pro компьютеріне арналған шектеулі кепілдікте қамтылмайды.
Шарлау. Карталар, бағыттар және орынға негізделген қолданбалар деректер қызметтеріне байланысты. Бұл деректер қызметтері өзгеруі мүмкін және барлық аймақтарда қол жетімді бола бермейді, нәтижесінде қол жетімсіз, дәл емес немесе толық емес карталар, бағыттар немесе орынға негізделген ақпаратты береді. Берілген орынға негізделген ақпаратты айналаңызбен салыстырыңыз және сәйкессіздікті шешу үшін қойылған таңбаларға жүгініңіз. Толық назарыңызды талап ететін әрекеттерді орындау кезінде бұл қызметтерді орындамаңыз. Әрқашан шарлау пайдаланылатын аймақтардағы қойылған таңбаларға және қолданыстағы заңдар мен ережелерге сай әрекет етіңіз және әрқашан жалпы ұстанымдарды пайдаланыңыз.
Медициналық құрылғы кедергісі. iMac Pro электромагниттік өрістерді шығаратын компоненттер мен радиоларды қамтиды. Бұл электромагниттік өрістер кардиостимуляторлар мен дефибрилляторлар сияқты медициналық құрылғыларға кедергі келтіруі мүмкін. Медициналық құрылғыңызға арналған ақпарат және медициналық құрылғыңыз бен iMac Pro компьютерінің арасында қауіпсіз бөлу қашықтығын сақтау қеректігіңіз туралы дәрігеріңізден және медициналық құрылғы өндірушісінен кеңес алыңыз. iMac Pro компьютері медициналық құрылғыңызға кедергі келтіріп жатыр деп күдіктенсеңіз, iMac Pro компьютерін пайдалануды тоқтатыңыз.
Аурулар. iMac Pro компьютерін пайдалану арқылы әсерленеді деп ойлайтын ауруларыңыз болса (мысалы, ұстамалы аурулар, құлақ естімеу, көздің шаршауы немесе бас ауру), iMac Pro компьютерін пайдаланбастан бұрын дәрігерге қаралыңыз.
Қайталанатын қимыл. iMac Pro компьютерінде теру немесе ойындар ойнау сияқты қайталанатын әрекеттерді орындағанда, қолдарыңызда, білектеріңізде, білезіктеріңізде, иықтарыңызда, мойныңызда немесе денеңіздің басқа бөліктерінде қолайсыздықты сезінуіңіз мүмкін. Қолайсыздықты сезінсеңіз, iMac Pro компьютерін пайдалануды тоқтатып, дәрігерге қаралыңыз.
Маңыздылығы жоғары әрекеттер. iMac Pro компьютердің ақаулығы өлімге, адамның жарақаттануына немесе қатты қоршаған орта зақымына әкелуі мүмкін жерлерде пайдалануға арналмаған.
Жарылғыш және басқа атмосфералық жағдайлар. iMac Pro компьютеріңізді ықтимал жарылысқа қауіпті орталарда—әсіресе жанғыш химиялық заттардың, газдардың немесе дән, шаң немесе металл ұнтақтары сияқты бөлшектердің жоғары мөлшері бар аймақтарда пайдалану қауіпті болуы мүмкін. iMac Pro компьютерін өндірістік химиялық заттардың жоғары концентрациясы бар орталарға, соның ішінде гелий сияқты буланған, сұйытылған газдарға жақын қою iMac Pro компьютерінің функционалдығын зақымдауы немесе нашарлатуы мүмкін. Барлық таңбалар мен нұсқауларға жүгініңіз.