Mac компьютеріңіздегі телефон қоңыраулары мен мәтіндік хабарлар
Қоңырауларды iMac Pro компьютеріңізден тікелей қабылдауыңызға—шалуыңызға болады. Сондай-ақ, мәтіндік хабарларды алуыңызға және жіберуіңізге болады.
Ескертпе: iMac Pro компьютерінде телефон қоңырауларын шалу немесе қабылдау үшін Wi-Fi қосылымы қажет.
FaceTime қолданбасын телефон қоңыраулары үшін орнатыңыз. iPhone құрылғыңызда Settings > Phone тармағына өтіңіз және iPhone құрылғыңызда Wi-Fi calling параметрін қосыңыз (iOS 9 немесе одан кейінгі). Одан кейін, Mac компьютеріңізде FaceTime > Preferences тармағына өтіңіз, Settings параметрін таңдаңыз, одан кейін «Calls from iPhone» түймесін басыңыз. Телефон қоңыраулары үшін iPhone құрылғысы мен Mac компьютеріңізді орнату атты Apple Support мақаласын қараңыз.
Қоңырау қабылдаңыз немесе шалыңыз. iPhone құрылғыңызға біреу қоңырау шалғанда iMac Pro экранында пайда болатын хабарландыруды басыңыз. iMac Pro компьютеріңіз құлақаспаптар киіп отырмаған болсаңыз динамикке айналады. Mac компьютеріңізден қоңырау шалу үшін FaceTime қолданбасын ашыңыз және телефон нөмірін енгізіңіз. Не болмаса, Contacts қолданбасында контактінің FaceTime жолында телефон белгішесін басыңыз. Сондай-ақ, Spotlight іздеу өрісінде немесе Safari немесе Calendar сияқты қолданбада телефон нөмірін басуыңызға болады (ұялы қосылымы бар iPhone немесе iPad құрылғыңыз жақын жерде болуы тиіс). FaceTime қолданбасының пайдаланушы нұсқаулығындағы Қоңырауларды Mac компьютеріңіздегі қолданбалардан шалу бөлімін қараңыз.
Кеңес: Mac компьютеріңізде телефон қоңыраулары, хабарлар және т.б. туралы хабарландыруларды уақытша өшіру үшін Do Not Disturb мүмкіндігін қосыңыз. Мәзір жолағында Control Center белгішесін басыңыз, одан кейін Do Not Disturb түймесін басыңыз және уақыт шегін таңдаңыз.
Хабарлар жіберу және қабылдау. Mac компьютерін, iOS құрылғыларын, iPadOS құрылғыларын жәнеё Apple Watch құрылғысын пайдаланатын достарға шексіз хабарлар жіберу үшін iMessage қызметін пайдаланыңыз. SMS немесе MMS мәтіндік хабарларын тікелей iMac Pro компьютеріңізден жіберіңіз және қабылдаңыз. Достарыңыз бен жанұяңыз сізге хабар жібергенде, ең жақын жердегі құрылғымен жауап бере аласыз. Барлық хабарлар iMac Pro, iPhone, iPad, iPod touch және Apple Watch құрылғыларыңызда пайда болады. Messages бөлімін қараңыз.
Қосымша мәліметтер. Messages қолданбасының пайдаланушы нұсқаулығындағы Mac компьютерінде SMS хабарларын алу үшін iPhone құрылғысын орнату бөлімін қараңыз.