Mac компьютеріңізге арналған маңызды ұстау ақпараты
Пайдалану ортасы. iMac Pro компьютеріңізді келесі ауқымдардан тыс пайдалану жұмысына әсер етуі мүмкін:
Жұмыс температурасы: 50° - 95° F (10° - 35° C)
Сақтау температурасы: -40° - 116° F (-40° - 47° C)
Қатысты ылғалдылық: 5% - 95% (конденсациясыз)
Пайдалану биіктігі: 16 404 футқа дейін (0 - 5000 метр) тексерілген
iMac Pro компьютеріңізді ауа шаңының немесе сигарет, сигар түтінінің көп мөлшері немесе күлдіктер, пештер немесе ошақтар бар жерде, не болмаса, сүзілмеген ағын суды пайдаланатын ультра дыбыстық ылғалдағышқа жақын пайдаланбаңыз. Темекі шегуден, пісіруден, күюден немесе сүзілмеген су бар ультра дыбыстық ылғалдағышты пайдаланудан туындаған ауадағы майда бөлшектер кей жағдайларда iMac Pro компьютерінің желдеткіш саңылауларына кіруі, белгілі бір жағдайларда iMac Pro дисплейін жабатын шыны панельдің бетін аздап зақымдауы мүмкін.
iMac Pro компьютеріңізді алып жүру. iMac Pro компьютерін көтеру немесе орнын ауыстыру алдында оны өшіріп, барлық кабельдер мен сымдарды ажыратыңыз. iMac Pro компьютеріңізді көтеру үшін бүйірлерінен ұстаңыз.
Қосқыштарды және порттарды пайдалану. Қосқышты портқа ешқашан күштемеңіз. Қуат сымын қуат портына қоспастан бұрын қуат портының қалдықтан толығымен таза екенін тексеріңіз. Құрылғыны портқа қосу кезінде порттың қалдықтан толығымен таза екенін, қосқыштың портқа сәйкес келетінін және қосқышты портқа дұрыс орналастырғаныңызды тексеріңіз.
Маңызды: Тек компьютеріңізбен немесе қосалқы құралыңызбен келген түпнұсқа кабельдерді немесе Apple бөлшек сауда дүкенінде немесе apple.comі торабынан онлайн сатылған кабельдерді пайдаланыңыз.
iMac Pro компьютеріңізді сақтау. iMac Pro компьютеріңізді ұзақ уақытқа сақтайтын болсаңыз, оны салқын жерде (дұрысы 71° F немесе 22° C) сақтаңыз.
iMac Pro компьютеріңізді тазалау. iMac Pro компьютеріңіздің сыртын және оның компоненттерін тазалау кезінде алдымен iMac Pro компьютеріңізді өшіріңіз, одан кейін барлық сымдар мен кабельдерді ажыратыңыз. Одан кейін, iMac Pro компьютерінің сыртын сүрту үшін таза, жұмсақ, түбітсіз шүберекті ылғалдаңыз. Саңылауларға ылғал кіргізбеңіз. Сұйықтықты компьютерге тікелей шашпаңыз. Алкогольді, эрозоль спрейлерді, ерітінділерді, қырғыш заттарды немесе сыртқы бетін зақымдауы мүмкін сутегі тотығын қамтитын тазартқыштарды пайдаланбаңыз.
Дисплейді тазалау. Дисплейді тазалау үшін алдымен iMac Pro компьютеріңізді өшіріңіз, одан кейін барлық сымдар мен кабельдерді ажыратыңыз. Таза, жұмсақ, түбітсіз шүберекті тек сумен ылғалдап, экранды сүртіңіз. Сұйықтықты экранға тікелей шашпаңыз.
Numeric Keypad тақтасы бар Magic Keyboard немесе Magic Mouse 2 құрылғыларын тазалау. Құрылғыны өшіріңіз, одан кейін кабельді ажыратыңыз (қажет болса). Тінтуірдің немесе пернетақтаның сыртын тазалау үшін аздап суланған таза, жұмсақ, түбітсіз шүберекті пайдаланыңыз. Ешқандай саңылауларға ылғал кіргізбеңіз немесе аэрозоль спрейлерін, еріткіштерді немесе өткір заттарды пайдаланбаңыз.