Studio Display мониторыңыздың тірегін реттеу
Apple Studio Display мониторыңыз кірістірілген тірекпен келеді. Таңдаған тірегіңіңізге байланысты дисплейіңіздің еңкейуін немесе еңкеуі мен биіктігін реттеуіңізге болады.
Мониторыңызды еңкейтіңіз.Көру бұрышын өзгерту үшін дисплейді жоғары (25 градусқа дейін) немесе төмен (5 градусқа дейін) еңкейтуге болады.
Мониторыңыздың биіктігін өзгертіңіз.Еңкейуі және биіктігі реттелетін тірегіңіз болса, мониторыңыздың биіктігін өзгерте аласыз (барлығы 105 мм/4,13 дюйм биіктікке дейін). Мониторды екі қолдап көтеріңіз.