Studio Display мониторын тазалау
Studio Display мониторыңызда нано құрылымды шыны болса, оны тек берілген жылтыратқыш шүберекпен тазалаңыз. Apple мониторыңыздағы нано құрылымды шыныны тазалау жолы атты Apple Қолдау көрсету қызметінің мақаласын қараңыз. Қосымша шүберектер алу үшін apple.com сайтына кіріңіз, жергілікті Apple Store дүкеніне немесе басқа делдалдарға барыңыз.
Жазба: Нано құрылымды шыныдан немесе стандартты шыныдан кетуі қиын заттарды сирек тазалаған кезде 70% изопропил спиртінің (IPA) ерітіндісін пайдалануыңызға болады.
Studio Display мониторыңызда стандартты шыны болса, оны сумен аздап дымқылданған микроталшықты шүберекпен тазалаңыз.