MacBook Pro компьютеріңізді сақтық көшірмелеу және қалпына келтіру
Файлдарыңызды қауіпсіз сақтау үшін MacBook Pro компьютеріңіздегі файлдардың сақтық көшірмесін үнемі жасап отыру маңызды. Файлдарыңыздың сақтық көшірмесін жасаудың екі жолы бар: iCloud немесе Time Machine.
Деректерді iCloud сервисімен синхрондау және сақтау
iCloud деген не?iCloud — бұл Apple компаниясының сервисі, ол фотоларыңызды, файлдарыңызды, жазбаларыңызды, құпиясөздеріңізді және басқа деректеріңізді бұлтта қауіпсіз сақтайды және оларды барлық құрылғыңызда автоматты түрде жаңартып отырады.
iCloud сервисін не үшін пайдалану керек?Сіз таңдаған құжаттар мен деректерді, мысалы, фотолар, видеолар, контактілер, күнтізбелер, жазбалар, құпиясөздер және т.б. сақтауыңызға болады. Ол сондай-ақ оларды Apple аккаунтыңызға кірген барлық Apple құрылғыңызда жаңартып отырады және оларға iCloud.com сайтындағы интернетте де қол жеткізе аласыз. iCloud сервисі бүкіл Mac компьютеріңіздің сақтық көшірмесін жасамайды.
iCloud сервисін пайдалану үшін қажетті нәрселер.iCloud сервисін пайдалану үшін сізге Apple аккаунты қажет. Жұмысты бастау үшін iCloud сервисінде 5 ГБ жад бар, қажет болса, қосымша жадты сатып алуға болады.
Mac компьютеріңіздің сақтық көшірмесін сақтау құрылғысына жасау үшін Time Machine қолданбасын пайдалану
Time Machine деген не?Time Machine функциясы Mac компьютеріңізге кірістірілген және MacBook Pro компьютеріңіздің сақтық көшірмесін автоматты түрде жасайды. Бұл функция Mac компьютеріңізде қандай да бір ақау пайда болған жағдайда, белгілі бір файлдарды қалпына келтіруіңізге, сондай-ақ бүкіл жүйені қалпына келтіруіңізге мүмкіндік береді.
Time Machine сервисін не үшін пайдалану керек.Time Machine көмегімен бүкіл Mac компьютеріңіздің сақтық көшірмесін жасауыңызға болады, яғни Mac компьютеріңізге бірнәрсе болса, оны алдыңғы нұсқасына қалпына келтіруіңізге болады. Сондай-ақ белгілі бір файлдарды қалпына келтіруді таңдауға болады.
Time Machine сервисін пайдалану үшін қажетті нәрселер.Time Machine функциясын пайдалану үшін сыртқы қатты дискіңіз болуы керек.
macOS жүйесін қайта орнату қажет болған жағдайда, Time Machine көмектесе алады.Операциялық жүйе файлдарыңыз тығыздалған жүйе дискісінде жеке файлдарыңыздан бөлек сақталады. Дегенмен, дискіні өшіру немесе байқамай зақымдау сияқты кейбір әрекеттер MacBook Pro компьютеріңізді қалпына келтіруіңізді талап етеді. macOS жүйесін қайта орнату қажет болса, жеке файлдарыңызды сақтық көшірмеден қалпына келтіру үшін Time Machine утилитасын пайдалануыңызға болады.
Ескертпе: macOS 11 және одан кейінгі жүйеде Mac компьютеріңізді қалпына келтірудің бірнеше жолдары бар. Компьютеріңізбен келген немесе диск зақымдалмастан бұрын пайдаланған нұсқаңызға қарағанда macOS жүйесінің жаңалау нұсқасын орнатуыңыз керек болуы мүмкін. Осы опциялар туралы қосымша мәліметтер алу үшін Барлық файлдарыңызды Time Machine сақтық көшірмесінен қалпына келтіру бөлімін және macOS жүйесін қайта орнату жолы атты Apple Қолдау көрсету қызметінің мақаласын қараңыз.
Қосымша ақпарат алғыңыз келе ме?
Time Machine сақтық көшірмесін баптау және жеке файлдарды қалпына келтіру жолы туралы толық ақпарат алу үшін Time Machine көмегімен файлдарыңыздың сақтық көшірмесін жасау және Mac компьютерінде Time Machine ақаулықтарын жою бөлімдерін қараңыз.
iCloud сервисін баптау жолы туралы қосымша ақпарат алу үшін iCloud сервисіне кіріспе және Mac компьютеріңізде iCloud сервисін баптау бөлімдерін қараңыз.
Жаңа Mac компьютеріңіз бар және оны Time Machine сақтық көшірмесінен қалпына келтіргіңіз келе ме? Mac компьютеріңізді сақтық көшірмеден қалпына келтіру бөлімін қараңыз.
Кейін macOS жүйесінің белгілі бір нұсқасын қайта орнату үшін тәжірибелі пайдаланушылар жүктелетін орнатушыны жасағысы келуі мүмкін. macOS жүйесі үшін іске қосылатын орнату құралын жасау жолы атты Apple Қолдау көрсету қызметінің мақаласын қараңыз.