Бірге келетін қосалқы құралдары бар MacBook Air компьютерінің бүйірлік көрінісі.

Жаңа Mac компьютеріңізді қарау

MacBook Air компьютерінің порттарына, қосқыштарына, қосалқы құралдары мен басқа мүмкіндіктеріне жылдам кіріспе алыңыз.

MacBook Air компьютерін шолып шығыңыз

MacBook Air компьютерінің жоғарғы көрінісі.

Жұмысты бастағыңыз келеді ме?

MacBook Air компьютеріңізді қақпағын ашу немесе оны қуат көзіне қосу, не болмаса кез келген пернені басу арқылы іске қосыңыз. Setup Assistant нұсқауларын орындаңыз, сонымен болды, жұмыс істей бересіз.

MacBook Air компьютеріңізді орнату

Түрлі құрылғылардан ашылған iCloud мазмұны.

Үндестірген күйде болыңыз

iCloud қызметімен құжаттарға, фотосуреттерге және т.б барлық құрылғыларыңыздан қатынаңыз. Және MacBook Air компьютеріңізді iPhone және iPad құрылғыларыңызбен телефон қоңырауларын шалу және қабылдау, құрылғылар арасында көшіру және қою немесе Instant Hotspot жасау үшін пайдаланыңыз.

MacBook Air компьютеріңізді iCloud қызметімен және Continuity мүмкіндігімен пайдалану

MacBook Air компьютеріңізге қосылған қолданбалардың белгішелері.

Шығармашылыққа ерік беріңіз

MacBook Air компьютеріңіз орындағыңыз келетін барлық нәрселерге арналған қолданбалармен келеді. Фотосуреттеріңізді өңдеңіз және бөлісіңіз. Музыканы, кітаптарды, фильмдерді және т.б. тамашалаңыз. Көрсетілімдер жасаңыз. Және App Store дүкенінде жаңа қолданбаларды, соның ішінде енді MacBook Air компьютерлерінде іске қосылатын iPhone және iPad қолданбаларын табыңыз.

Mac компьютеріңізбен берілген қолданбалар туралы мәліметер алу

Maps, Safari және Messages қолданбаларының қабаттасқан экрандары.

Жаңа мүмкіндіктерді табыңыз

macOS жүйесіндегі жаңа мүмкіндіктер, қосылған қолданбалар және MacBook Air компьютеріңіз туралы ақпарат алыңыз.

MacBook Air компьютеріңіздегі жаңа мүмкіндіктер туралы мәліметтер алыңыз

MacBook Air Essentials нұсқаулығын шолу үшін беттің жоғарғы жағындағы Table of Contents түймесін басыңыз немесе іздеу өрісіне сөзді немесе тіркесті енгізіңіз. Нұсқаулықты Apple Books қызметінен (қолжетімді жерде) жүктеп алуыңызға да болады.

Көбірек көмек керек болса, MacBook Air Support веб-торабына кіріңіз.

Барлық мүмкіндіктер мен мазмұн барлық елдерде немесе аймақтарда қолжетімді бола бермейді.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.