Mac компьютеріңіздегі Finder
Күлген беті бар көк белгішемен көрсетілген Finder қолданбасы Mac компьютеріңіздің басты базасы болып табылады. Оны Mac компьютеріңіздегі барлық дерлік нәрсені, соның ішінде құжаттарды, суреттерді, фильмдерді және өзіңізде бар кез келген басқа файлдарды ұйымдастыру және оларға қатынау үшін пайдаланасыз. Finder терезесін ашу үшін экранның төменгі жағындағы Dock тақтасында Finder белгішесін басыңыз. Файлдың мазмұндарын жылдам қарау үшін файл белгішесін күштеп басыңыз, ал оны өңдеу үшін файл атауын күштеп басыңыз. Күштеп басу және басқа қимылдар туралы мәліметтер алу үшін MacBook Air trackpad бөлімін қараңыз.
Реттелген күйде болыңыз. Mac компьютеріңізде мазмұнның негізгі түрлері үшін жасалып қойған қалталар бар—Documents, Pictures, Applications, Music және т.б. Құжаттар жасау, қолданбаларды орнату және басқа жұмысты істеу кезінде ұйымдасқан күйде болу үшін жаңа қалталар жасауыңызға болады. Жаңа қалта жасау үшін File > New Folder параметрін таңдаңыз. macOS жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығындағы Mac крмпьютерінде файларды қалталарға ұйымдастыру бөлімін қараңыз.
Құрылғыларлы үндестіріңіз. iPhone немесе iPad сияқты құрылғыны қосқан кезіңізде, ол Finder бүйірлік жолағында пайда болады. Құрылғыңызды сақтық көшірмелеу, жаңарту, үндестіру және қалпына келтіру параметрлерін көру үшін құрылғының атауын басыңыз.
Finder бүйірлік тақтасы. Сол жақтағы бүйірлік жолақ жиі пайдаланатын және жылдам ашқыңыз келетін элементтердің белгішелерін көрсетеді. iCloud Drive дискісінде сақталған барлық құжаттарыңызды көру үшін бүйірлік жолақтағы iCloud Drive қалтасын басыңыз. Тек өзіңіз бөліскен және сізбен бөлісілген құжаттарды көру үшін Shared қалтасын басыңыз. Бүйірлік жолақта көрсетілген нәрсені өзгерту үшін Finder > Settings тармағын таңдаңыз.
Файлдар мен қалталарды қарау жолыңызды өзгертіңіз. Құжаттар мен қалталарды қарау жолыңызды өзгерту үшін Finder терезесінің жоғарғы жағындағы қалқымалы мәзір түймесін басыңыз. Оларды белгішелер ретінде, тізімде, иерархиялық бағандарда немесе галлереяда қараңыз. Gallery View көрінісі мен Column view көрінісінің екеуі де таңдаған файлыңыздың үлкен алдын ала қарау көрінісін көрсетеді, сонда суреттеріңізді, бейне клиптерді және басқа құжаттарды визуалды түрде анықтай аласыз. Суретті бұру немесе белгілеу сияқты жылдам реттеулер жасауыңызға да болады. Preview тақтасының параметрлерін Finder терезесінде көрсету үшін View > Show Preview тармағын таңдаңыз. Көрсетілген нәрсені теңшеу үшін View > Show Preview Options тармағын таңдаңыз, одан кейін файл түріңіз үшін параметрлерді таңдаңыз.
Кеңес: Файл атауларын Gallery View көрінісінде көрсету үшін Command-J пернелер тіркесімін басыңыз және «Show filename» параметрін таңдаңыз.
Түрлі көрініс опциялары туралы қосымша мәліметтерді macOS жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығындағы Finder қолданбасында қалталардың көрсетілу жолын өзгерту бөлімінен қараңыз.
Quick Actions. Gallery View немесе Column View көрінісінде файлдарды тікелей Finder терезесінде басқару және өңдеу үшін таңбашаларға арналған Finder терезесінің төменгі оң жағындағы More түймесін басыңыз. Markup қолданбасында суретті бұруға, суретке түсініктеме қосуға немесе оны қиып алуға, суреттерді және PDF файлдарын бір файлға біріктіруге, дыбыстық және бейне файлдарды кесуге, Shortcuts қолданбасында жасалған таңбашаларды іске қосуға және Automator жұмыс ағындары арқылы өзгертпелі әрекеттерді жасауға (мысалы, файлға су белгісін қосу) болады. macOS жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығындағы Mac компьютеріндегі Finder қолданбасында жылдам әрекеттерді орындау бөлімін қараңыз.
Жылдам қарау. Quick Look терезесін ашу үшін файлды таңдаңыз және Space жолағын басыңыз. PDF файлдарына қол қою үшін Quick Look терезесінің жоғарғы жағындағы түймелерді пайдаланыңыз; дыбыстық және бейне файлдарын кесіңіз; және бөлек қолданбаны ашпастан суреттерді белгілеңіз, бұрыңыз және қиып алыңыз. Quick Look және белгілеу мүмкіндіктері туралы қосымша мәліметтерді macOS жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығындағы Файлдарды Mac компьютеріндегі Quick Look мүмкіндігімен қарау және өңдеу және Mac компьютерінде файлдарды белгілеу бөлімдерінен қараңыз.
Кеңес: Preview немесе Quick Look терезесіндегі Markup мүмкіндігін пайдаланып VoiceOver арқылы оқуға болатын баламалы сурет сипаттамаларын қосуыңызға болады.
Ол жерге тезірек жетіңіз. Finder мәзір жолағындағы Go мәзірі – қалталар мен орындарға жетудің жылдам жолы. Utilities қалтасына өту үшін бірнеше басудың орнына Go > Utilities тармағын таңдаңыз. Сондай-ақ, кірістірілген қалталардың жоғарғы деңгейіне оралу үшін Go > Enclosing Folder тармағын таңдауыңызға болады. Нақты қалтаға жолды білсеңіз, Go > Go to Folder тармағын таңдаңыз, одан кейін жолды теріңіз. macOS жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығындағы Нақты қалтаға тікелей өту бөлімін қараңыз.