Mac компьютеріңіздегі System Settings терезесі
System Settings — Mac Studio параметрлеріңізді жекелендіретін жер. Мысалы, дисплейдің ашықтығын немесе ажыратымдылығын өзгерту үшін Displays параметрлерін пайдаланыңыз. Не болмаса, жұмыс үстелі фонын қосу үшін Wallpaper settings терезесін пайдаланыңыз.
Mac Studio компьютеріңізді теңшеңіз. Dock тақтасында System Settings белгішесін басыңыз немесе Apple мәзірі > System Settings тармағын таңдаңыз, одан кейін бүйірлік жолақта реттегіңіз келетін параметрді басыңыз. Қосымша параметрлерді көру үшін төмен жылжытуыңыз керек болуы мүмкін. Қосымша мәліметтерді macOS жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығындағы Mac компьютеріңізді System Settings терезесімен теңшеу бөлімінен қараңыз.
macOS жүйесін жаңартыңыз. Mac компьютеріңіздің macOS бағдарламалық жасақтамасының ең соңғы нұсқасын іске қосып тұрғанын көру үшін System Settings терезесінде General түймесін, одан кейін Software Update түймесін басыңыз. Бағдарламалық жасақтамаларды автоматты түрде жаңарту үшін параметрлерді көрсетуіңізге болады.