Mac компьютеріңіздегі System Preferences терезесі
System Preferences — Mac Pro параметрлеріңізді жекелендіретін жер. Мысалы, ұйқы режимінің параметрлерін өзгерту үшін Energy Saver теңшелімдерін пайдаланыңыз. Не болмаса, жұмыс үстелі фонын қосу немесе экран қорғағышты таңдау үшін Desktop & Screen Saver теңшелімдерін пайдаланыңыз.
Mac Pro компьютеріңізді теңшеу. Dock тақтасында System Preferences белгішесін басыңыз немесе Apple мәзірі > System Preferences тармағын таңдаңыз. Одан кейін орнату керек теңшелім түрін басыңыз. Қосымша мәліметтерді macOS жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығындағы Mac компьютеріңізді System Preferences терезесімен теңшеу бөлімінен қараңыз.
macOS жүйесін жаңартыңыз. Mac компьютеріңіздің macOS бағдарламалық жасақтамасының ең соңғы нұсқасын іске қосып тұрғанын көру үшін System Preferences терезесінде Software Update түймесін басыңыз. Бағдарламалық жасақтамаларды автоматты түрде жаңарту үшін параметрлерді көрсетуіңізге болады.