Mac Pro компьютерінде кеңейту карталарын орнату
Mac Pro компьютеріңізді PCI Express кеңейту ұяларына қосымша карталар орнату арқылы теңшеуіңізге болады.
Ескертпе: Mac Pro рамалы жұмыс станцияңыз болса, Кеңейту карталарын Mac Pro компьютеріне орнату бөлімін қараңыз.
Орталық процессорға тікелей қосылатын 1 және 3-ұялар x16 ұя; олар жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді және бірінші пайдаланылуы керек. Одан кейін, картаны кемінде карта сияқты бірдей желілер саны бар ұяға қосқан жөн. Apple Afterburner картасына Mac Pro компьютеріңізбен тапсырыс берсеңіз, карта 5-ұяда орнатылып келеді. Afterburner картасын орнатып жатсаңыз, оңтайлы өнімділік үшін PCI Express x16 ұясын пайдаланыңыз. Мәліметтерді төмендегі кестеден қараңыз.
Ұя | Жолақтар саны | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
8-ұя | x4 (артқы I/O картасы үшін резервтелген) | ||||||||||
7-ұя | x8 | ||||||||||
6-ұя | x8 | ||||||||||
5-ұя | x16 | ||||||||||
4-ұя | x16 | ||||||||||
3-ұя | x16 (Бірінші пайдаланыңыз) | ||||||||||
2-ұя | x8 | ||||||||||
1-ұя | x16 (Бірінші пайдаланыңыз) |
Mac Pro компьютерінде төрт екілік кең ұя және үш бірлік кең ұя бар, оларды Mac Pro мүмкіндіктерін кеңейту үшін теңшеуге болады. Жартылай ұзындықты ұяға Apple I/O картасы алдын ала салынған, бірақ бұл картаны алып тастап, басқа жартылай ұзындықты PCIe карталарын орнатуға болады.
ЕСКЕРТУ: Оңтайлы желдету үшін карталарды орнату кезінде бөлектеңіз. Картаны шығарып алып, басқа картаны орнатпасаңыз, бөтен заттар кірмеуі үшін портқа қатынау қақпағын бос ұя үстіне қойыңыз. Жабылмаған ұя ішкі компоненттерді салқындататын ауа ағынына әсер етеді және зақым тудыруы мүмкін.
Маңызды: Карталарды тиісті қуат көзіне төменде көрсетілгендей қосыңыз. Тек Mac Pro компьютеріңізбен келген түпнұсқа кабельдерді немесе apple.com торабында онлайн немесе Apple Store дүкенінде сатылған кабельдерді пайдаланыңыз. Тек арнайы Mac Pro компьютері үшін жасалған кабельдер PCIe модульдерімен пайдалану үшін мақұлданған.
AUX қосқыштарына қосу кезінде абайлаңыз. Қосалқы құралды AUX қуатын пайдаланатын жүйеңізге орнату кезінде алдымен AUX қосқышын тіркеңіз, одан кейін модульді орнатыңыз. AUX қосқышына қосылып тұрғанда модульді түсіріп алмаңыз, олай істеу AUX қосқышына немесе логикалық тақтаға зақым келтіруі мүмкін. AUX қосқышы зақымдалса, компьютеріңізді қоспаңыз, себебі олай істеу оны әрі қарай зақымдауы мүмкін. Компьютеріңізді жөндеу үшін Apple корпорациясының өкілетті қызмет көрсету провайдеріне немесе Apple Store дүкеніне апарыңыз.
Ескертпе: Mac Pro компьютері PCIe картасында қатені анықтаса, күй индикаторының шамы сары түсте екі рет жыпылықтайды және компьютер өшкенше қайталайды. Қосымша ақпаратты Mac Pro компьютерінің (2019) күй көрсеткіші шамының әрекеті атты Apple Support мақаласынан қараңыз.
Mac Pro компьютеріңізде кеңейту карталарын орнату үшін мына қадамдарды орындаңыз.
Mac Pro компьютеріңізді Apple мәзірі > Shut Down тармағын таңдау арқылы өшіріңіз.
Ыстық болуы мүмкін ішкі компоненттерді ұстамастан бұрын 5-10 минут бойы салқындауын күтіңіз.
Mac Pro компьютерінен қуат сымынан басқа барлық кабельдерді ажыратыңыз.
Барлық статикалық электр тогын кетіру үшін Mac Pro компьютеріңіздің сыртындағы металды түртіңіз.
Ескертпе: Mac Pro компьютеріңіздің ішіндегі бөліктерді ұстау немесе компоненттерді орнату алдында әрқашан статикалық электр тогын кетіріңіз. Статикалық электр тогын шығаруды болдырмау үшін кеңейту карталарын орнатуды аяқтамайынша бөлмеде жүрмеңіз.
Қуат сымын ажыратыңыз.
Компьютер корпусының құлпын ысырманы 90 градус сағат тілінің бағытына қарсы бұрау арқылы ашыңыз.
ЕСКЕРТУ: Компьютер қосылып тұрғанда ысырманы бұрамаңыз; олай істеу компьютердің өшуіне әкелуі мүмкін.
Компьютердің корпусын оны ысырма арқылы жоғары тарту арқылы шығарып алыңыз.
Ескертпе: Mac Pro корпусы алынған кезде іске қосылмайды.
Бүйірлік кронштейнді алыңыз.
Құлыпты оңға сырғытыңыз.
Ұя қақпақтарын шығарып алыңыз.
Жаңа картаны статикалық электр тогын өткізбейтін қалтасынан шығарып алыңыз және оны қақпақтарынан ұстаңыз. Картадағы алтын түсті қосқыштарды немесе компоненттерді ұстамаңыз.
Ескертпе: Тек қауіпсіз сертивикатталған (CSA, UL немесе балама) және олардың PCIe спецификациясының салалық стандартына сай келетінін арнайы көрсететін PCIe модульдерін пайдаланыңыз. Сертификатталмаған, сәйкес емес модульдер түрлі кіріс қуат көздерін бөле алмайды, бұл күю қаупін тудыруы мүмкін.
Картаны орнына сырғытыңыз.
Құлыпты солға сырғытыңыз.
Бүйірлік кронштейнді қайта орнатыңыз.
Компьютердің корпусын орнына салыңыз, одан кейін ысырманы құлыптау үшін оны 90 градус сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
Компьютер корпусы орнына салынбаған және ысырма өзінің бастапқы позициясына бұралмаған жағдайда іске қосылмайды.
Mac Pro компьютеріңізге барлық кабельдер мен қуат сымын қайтадан қосыңыз.