Mac компьютеріңізде Handoff мүмкіндігін пайдалану
Handoff көмегімен бір құрылғыда тоқтаған жеріңізден екінші құрылғыда жалғастыра аласыз. MacBook Pro компьютеріңізде көрсетілімде жұмыс істеңіз, одан кейін iPad құрылғысында жалғастырыңыз. Не болмаса, электрондық пошта хабарын iPhone құрылғысында бастап, одан кейін оны MacBook Pro компьютеріңізде аяқтаңыз. Хабарды Apple Watch құрылғыңызда қарап, оған MacBook Pro компьютерінде жауап беріңіз. Файлдарды тасымалдауды уайымдамасаңыз болады. MacBook Pro компьютеріңіз бен құрылғыларыңыз бір-біріне жақын болғанда, әрекет орындалған кезде Dock тақтасында белгіше пайда болады; жалғастыру үшін жай ғана белгішені басыңыз.
MacBook Pro компьютеріңізде Handoff мүмкіндігін қосыңыз. Dock тақтасында System Preferences белгішесін басыңыз, General түймесін басыңыз, одан кейін «Allow Handoff between this Mac and your iCloud devices.» параметрін таңдаңыз.
iOS құрылғыңызда Handoff мүмкіндігін қосыңыз. Settings > General > Handoff тармағына өтіңіз, одан кейін Handoff мүмкіндігін қосу үшін түртіңіз. Егер параметрді көрмесеңіз, iOS құрылғысы Handoff мүмкіндігін қолдамайды.
Apple Watch құрылғыңызда Handoff мүмкіндігін қосыңыз. iPhone құрылғысындағы Apple Watch қолданбасында Settings > General тармағына өтіңіз, одан кейін Enable Handoff параметрін қосу үшін түртіңіз.
Ескертпе: Handoff мүмкіндігін пайдалану үшін Lightning қосқышы бар және iOS 8 (немесе одан кейінгі) жүйесі орнатылған iPhone, iPad немесе iPod touch құрылғысы керек. MacBook Pro компьютеріңіз бен iOS құрылғыңызда Wi-Fi желісі мен Bluetooth қызметінің қосылғанын және олардың бір Apple ID идентификаторымен кіргенін тексеріңіз.
Handoff мүмкіндігі Safari, Mail, Calendar, Contacts, Maps, Messages, Notes, Reminders, Keynote, Numbers және Pages қолданбаларымен жұмыс істейді.
Қосымша мәліметтер. macOS жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығындағы Handoff көмегімен тоқтаған жеріңізден жалғастыру бөлімін қараңыз.