Mac компьютеріңіз үшін маңызды қауіпсіздік ақпараты
ЕСКЕРТУ: Бұл қауіпсіздік нұсқауларын орындамау өртті, токтың соғуын немесе жарақатты не MacBook Pro компьютеріне, кабельдеріне немесе басқа затқа зақым тудыруы мүмкін. MacBook Pro компьютерін пайдаланбастан бұрын төмендегі барлық қауіпсіздік ақпаратын оқыңыз.
Кірістірілген батарея. Батареяны өзіңіз ауыстыруға немесе алуға әрекет етпеңіз—батареяны зақымдауыңыз мүмкін, ол қызып кетуге және жарақаттануға себеп болуы мүмкін. Батареяның қызып кетуіне, өртке немесе жарақатқа әкелуі мүмкін батарея зақымын болдырмау үшін кірістірілген батареяны тек білікті маман ауыстыруы немесе жөндеуі керек. Оқыту курсынан өтпеген адамдар тарапынан немесе Apple компаниясының түпнұсқа емес бөліктерін пайдаланып орындалған жөндеулер құрылғының қауіпсіздігі мен жұмысына әсер етуі мүмкін. Кірістірілген батареяны тұрмыстық қалдықтан бөлек қайта өңдеу немесе тастау керек. Батареяларды жергілікті қоршаған орта заңдары мен ережелеріне сай тастаңыз. MacBook Pro компьютеріңізді радиаторлар немесе пеш сияқты температуралары 212 °F (100 °C) дәрежесінен асатын қатты ыстық көздеріне қалдырмаңыз.
Батареяға қызмет көрсету және оны өңдеу туралы ақпарат алу үшін Батареяға қызмет көрсету және оны өңдеу торабына өтіңіз.
Пайдалану. MacBook Pro компьютеріңізді абайлап ұстаңыз. Ол темірден, шыныдан және пластмассадан жасалған және ішінде сезімтал электрондық компоненттері бар. MacBook Pro компьютеріңізді компьютердің асты мен айналасында ауаның жеткілікті айналуына мүмкіндік беретін тұрақты жұмыс бетіне орналастырыңыз. MacBook Pro компьютеріңіз түскен, күйген, тесілген немесе сынған жағдайда немесе ол майлар мен лосьондар сияқты сұйықтыққа тиген жағдайда зақымдалады. Зақымдалған MacBook Pro компьютерін, мысалы, экраны сынған, пайдаланбаңыз, себеді ол жарақаттауы мүмкін.
USB-C - MagSafe 3 кабеліңізді күтіп ұстаңыз. Оның ішінде сезімтал электрондық компоненттер бар. Құрылғыңызды компьютердің асты мен айналасында ауаның жеткілікті айналуына мүмкіндік беретін тұрақты жұмыс бетінде зарядтаңыз. USB-C - MagSafe 3 кабелі түскен, күйген, тесілген немесе сынған жағдайда немесе ол майлар мен лосьондар сияқты сұйықтыққа тиген жағдайда зақымдалады. Зақымдалған немесе тозған USB-C - MagSafe 3 кабелін пайдаланбаңыз.
Сұйықтыққа қалдыру. MacBook Pro компьютеріңіз бен оның зарядтау кабелін сусындар, майлар, лосьондар, шұңғылшалар, ванналар, душ бөлмелері сияқты сұйықтық көздерінен алыс ұстаңыз. MacBook Pro компьютеріңіз бен зарядтау кабелін жаңбыр, қар және тұман сияқты дымқыл, ылғал немесе сулы ауа райынан қорғаңыз.
MacBook Pro компьютеріңізді зарядтау. MacBook Pro компьютеріңізді тек берілген 70 Вт USB-C қуат адаптерімен, 96 Вт USB-C қуат адаптерімен немесе 140 Вт USB-C қуат адаптерімен және USB-C - MagSafe 3 кабелімен немесе 240 Вт USB-C зарядтау кабелімен (бөлек сатылады) зарядтаңыз. USB-C PD портымен үйлесімді және қолданыстағы халықаралық және аймақтық ережелер мен қауіпсіздік стандарттарына сай келетін үшінші тараптың қуат адаптерін және кабелін пайдалануыңызға да болады.
Басқа қуат адаптерлері қолданыстағы қауіпсіздік стандарттарына сай келмеуі мүмкін және осындай қуат адаптерлерімен зарядтау өлім немесе жарақат қаупін төндіруі мүмкін. Зақымдалған қуат адаптерлерін немесе кабельдерді пайдалану, не болмаса ылғал бар кезде зарядтау өртті, ток соғуды, жарақатты немесе MacBook Pro компьютеріне немесе басқа мүлікке зақым келтіруі мүмкін. MacBook Pro компьютеріңізді зарядтау үшін берілген қуат адаптерін пайдаланғанда, қуат адаптерін қуат розеткасына қоспастан бұрын зарядтау кабелінің қуат адаптеріне толық кіргізілгенін тексеріңіз.
Ұзақ қызу әсері. Қалыпты қолданыс кезінде MacBook Pro компьютеріңіз бен оның қуат адаптері өте жылы болуы мүмкін. MacBook Pro компьютері мен оның 70 Вт USB-C қуат адаптері, 96 Вт USB-C қуат адаптері немесе 140 Вт USB-C қуат адаптері қолданыстағы елдің заңнамалары мен халықаралық және аймақтық қауіпсіздік стандарттары арқылы анықталған талап етілген бет температурасының шектеріне сай келеді. Дегенмен, осы шектер ішінде болса да, жылы беттерге ұзақ уақыт бойы тиіп тұру қолайсыздықты немесе жарақатты тудыруы мүмкін.
Қатты қызу немесе ыстыққа қатысты жарақаттар ықтималдылығын азайту үшін әрқашан MacBook Pro компьютеріңіздің немесе оның қуат адаптерінің айналасында жеткілікті желдету болуына мүмкіндік беріңіз және оларды пайдалану кезінде абайлаңыз. Құрылғы немесе оның қуат адаптері жұмыс істеп тұрғанда немесе қуат көзіне қосылып тұрғанда теріңіз оған ұзақ тиіп тұратын жағдайларды болдырмау үшін жалпы ережелерді пайдаланыңыз. Мысалы, құрылғы немесе қуат адаптері қуат көзіне қосулы тұрғанда онымен ұйықтамаңыз. Құрылғы немесе қуат адаптері қуат көзіне қосылып тұрған кезде, құрылғыны немесе қуат адаптерін жайманың, жастықтың немесе денеңіздің астына қоймаңыз. Желдету саңылауларына ешқашан ешнәрсе тықпаңыз, себебі олай істеу қауіпті болуы және компьютердің қатты қызуына әкелуі мүмкін. MacBook Pro компьютерін пайдалану кезінде пернетақтаның үстіне ешқашан ешнәрсе қоймаңыз. MacBook Pro тізеңізде болса және қолайсыз түрде қызып кетсе, оны тізеңізден алып, тұрақты, жақсы желдетілген жұмыс бетіне қойыңыз. Денеңізге қызуды анықтау мүмкіндігіне әсер ететін физикалық жағдайыңыз болса, айырықша абай болыңыз.
70 Вт USB-C қуат адаптері, 96 Вт USB-C қуат адаптері немесе 140 Вт USB-C қуат адаптері. 70 Вт USB-C қуат адаптерін, 96 Вт USB-C қуат адаптерін немесе 140 Вт USB-C қуат адаптерін қауіпсіз пайдалану және ыстыққа қатысты жарақат немесе зақым ықтималдылығын азайту үшін келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:
70 Вт USB-C қуат адаптерін, 96 Вт USB-C қуат адаптерін немесе 140 Вт USB-C қуат адаптерін тікелей қуат розеткасына қосыңыз.
Қуат адаптерін ұзарту кабелін пайдаланып отырсаңыз, қуат адаптерін партаға, үстелге немесе жақсы желдетілген жердегі еденге қойыңыз.
MacBook Pro компьютеріңізді немесе оның қуат адаптерін шұңғылша, ванна немесе душ сияқты ылғал жерлерге жақын пайдаланбаңыз немесе қуат адаптерін ылғал қолмен қоспаңыз немесе ажыратпаңыз. Келесі жағдайлардың кез келгені болса, қуат адаптерін суырыңыз және барлық кабельдерді ажыратыңыз:
USB-C кабелі немесе қуат сымы тозған немесе зақымдалған.
70 Вт USB-C қуат адаптерінің, 96 Вт USB-C қуат адаптерінің немесе 140 Вт USB-C қуат адаптерінің шанышқы бөлігі, істіктері немесе адаптер корпусы зақымдалған.
MacBook Pro компьютеріңіз немесе 70 Вт USB-C қуат адаптері, 96 ВТ USB-C қуат адаптері немесе 140 Вт USB-C қуат адаптері түсірілген.
MacBook Pro компьютеріңіз немесе 70 Вт USB-C қуат адаптері, 96 ВТ USB-C қуат адаптері немесе 140 Вт USB-C қуат адаптері жаңбырға, сұйықтыққа немесе артық ылғалға қалдырылған.
MacBook Pro компьютеріңіз немесе 70 ВТ USB-C қуат адаптері, 96 Вт USB-C қуат адаптері немесе 140 Вт USB-C қуат адаптері қызмет көрсетуді немесе жөндеуді қажет етеді деп ойлайсыз.
MacBook Pro компьютерін немесе 70 Вт USB-C қуат адаптерін, 96 Вт USB-C қуат адаптерін немесе 140 Вт USB-C қуат адаптерін тазалағыңыз келсе (тек Mac компьютеріңізге арналған маңызды ұстау ақпараты бөлімінде сипатталған ұсынылған процедураны пайдаланыңыз).
MagSafe 3 қуат портында несиелік картадағы, iPod немесе басқа құрылғыдағы деректерді өшіретін магнит бар. Деректеріңізді сақтау үшін осы және басқа магнитке сезімтал материалды немесе құрылғыларды 25 мм (1 дюйм) қашықтықта қоймаңыз.
Қалдықтар қуат портына кірсе, оны құрғақ мақта тампонмен жайлап алыңыз.
70 Вт USB-C қуат адаптерінің сипаттамалары:
Жиілік: 50 - 60 Гц, бір фаза
Желі кернеуі: 100 - 240 В
(USB PD) Шығыс кернеуі: 5 В ТТ/ 3 A немесе 9 В ТТ/3 A немесе 15 В ТТ/3 A немесе 20,6 В ТТ/3,4 A
96 Вт USB-C қуат адаптерінің сипаттамалары:
Жиілік: 50 - 60 Гц, бір фаза
Желі кернеуі: 100 - 240 В
(USB PD) Шығыс кернеуі: 20,5 В ТТ/4,7 А немесе 15 В ТТ/3 А немесе 9 В ТТ/3 А немесе 5,2 В ТТ/3 А
140 Вт USB-C қуат адаптерінің сипаттамалары:
Жиілік: 50 - 60 Гц, бір фаза
Желі кернеуі: 100 - 240 В
(USB PD) Шығыс кернеуі: 28 В ТТ/5 А немесе 20,5 В ТТ/5 А немесе 15 В ТТ/5 А немесе 9 В ТТ/3 А немесе 5,2 В ТТ/3 А
Есту қабілетінен айырылу. Дыбысты жоғары дыбыс деңгейінде тыңдау есту қабілетіңізді зақымдауы мүмкін. Артқы шу, сонымен қатар жоғары дыбыс деңгейінде үздіксіз тыңдау дыбыстарды олардың шын деңгейінен тыныштау етіп көрсетуі мүмкін. MacBook Pro компьютеріңізбен тек үйлесімді құлақ тығындарын, құлақаспаптарды немесе құлаққаптарды пайдаланыңыз. Құлаққа аспапты салмастан бұрын, дыбысты қосып, дыбыс деңгейін тексеріңіз. Дыбыс дәне есту бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Ықтимал есту қабілетінің зақымдалуын болдырмау үшін ұзақ уақыт бойы жоғары дыбыс деңгейінде тыңдамаңыз.
Жөндеу. MacBook Pro компьютеріңізде пайдаланушы қызмет көрсететін бөліктер жоқ. MacBook Pro компьютеріңізді ашпаңыз немесе бөлшектемеңіз, не болмаса оны жөндеуге не қандай да бір компоненттерін ауыстыруға әрекет етпеңіз. MacBook Pro компьютерін бөлшектеу оны зақымдауы немесе сізді жарақаттауы мүмкін. MacBook Pro компьютерін ашуға әрекет етсеңіз, компьютерді зақымдап аласыз және осындай зақым MacBook Pro компьютеріне арналған шектеулі кепілдікте қамтылмайды.
MacBook Pro компьютеріңізге қызмет көрсету керек болса, зақымдалса, дұрыс жұмыс істемесе немесе сұйықтыққа тисе, Apple корпорациясына немесе Apple корпорациясының өкілетті қызмет провайдеріне хабарласыңыз. Оқыту курсынан өтпеген адамдар тарапынан немесе Apple компаниясының түпнұсқа емес бөліктерін пайдаланып орындалған жөндеулер құрылғының қауіпсіздігі мен жұмысына әсер етуі мүмкін. Қызмет алу туралы ақпаратты Mac компьютерін жөндеу және оған қызмет көрсету торабынан таба аласыз.
Шарлау. Карталар, бағыттар және орынға негізделген қолданбалар деректер қызметтеріне байланысты. Бұл деректер қызметтері өзгеруі мүмкін және барлық аймақтарда қол жетімді бола бермейді, нәтижесінде қол жетімсіз, дәл емес немесе толық емес карталар, бағыттар немесе орынға негізделген ақпаратты береді. Берілген орынға негізделген ақпаратты айналаңызбен салыстырыңыз және сәйкессіздікті шешу үшін қойылған таңбаларға жүгініңіз. Толық назарыңызды талап ететін әрекеттерді орындау кезінде бұл қызметтерді орындамаңыз. Әрқашан шарлау пайдаланылатын аймақтардағы қойылған таңбаларға және қолданыстағы заңдар мен ережелерге сай әрекет етіңіз және әрқашан жалпы ұстанымдарды пайдаланыңыз.
Радио жиілік әсері. MacBook Pro сымсыз желілерге қосылу үшін радио сигналдарды пайдаланады. Радио сигналдардан туындаған радио жиілік (РЖ) энергиясы және әсерді азайту үшін орындауға болатын қадамдар туралы ақпарат алу үшін RF Exposure бөліміне өтіңіз.
Медициналық құрылғы кедергісі. MacBook Pro магниттерді, сонымен қатар электромагниттік өрістерді шығаратын компоненттер мен радиоларды қамтиды. Бұл магниттер мен электромагниттік өрістер медициналық құрылғыларға кедергі келтіруі мүмкін. Медициналық құрылғыңызға арналған ақпарат және медициналық құрылғыңыз бен MacBook Pro компьютерінің арасында қауіпсіз бөлу қашықтығын сақтау қеректігіңіз туралы дәрігеріңізден және медициналық құрылғы өндірушісінен кеңес алыңыз. Өндірушілер ықтимал интерференцияны болдырмау үшін өздерінің құрылғыларын сымсыз немесе магниттік өнімдердің айналасында қауіпсіз пайдалану бойынша ұсыныстарды жиі береді. MacBook Pro компьютері медициналық құрылғыңызға кедергі келтіріп жатыр деп күдіктенсеңіз, MacBook Pro компьютерін пайдалануды тоқтатыңыз. Имплантталған кардиостимуляторлар мен дефибрилляторлар сияқты медициналық құрылғылар жақын байланыста кезде магниттер мен радиоларға жауап беретін сенсорларды қамтуы мүмкін. Бұл құрылғыларымен қандай да бір ықтимал өзара әрекеттесулерді болдырмау үшін MacBook Pro компьютеріңізді құрылғыңыздан қауіпсіз қашықтықта алыс ұстаңыз (6 дюймнен / 15 см-ден көп, бірақ нақты нұсқаулар үшін дәрігеріңізбен және құрылғыңыздың өндірушісімен кеңесіңіз).
Аурулар. MacBook Pro компьютерін пайдалану арқылы әсерленеді деп ойлайтын ауруларыңыз болса (мысалы, ұстамалы аурулар, құлақ естімеу, көздің шаршауы немесе бас ауру), MacBook Pro компьютерін пайдаланбастан бұрын дәрігерге қаралыңыз.
Қайталанатын қимыл. MacBook Pro компьютерінде теру немесе ойындар ойнау сияқты қайталанатын әрекеттерді орындағанда, қолдарыңызда, білектеріңізде, білезіктеріңізде, иықтарыңызда, мойныңызда немесе денеңіздің басқа бөліктерінде қолайсыздықты сезінуіңіз мүмкін. Қолайсыздықты сезінсеңіз, MacBook Pro компьютерін пайдалануды тоқтатып, дәрігерге қаралыңыз.
Тұншығу қаупі. Кейбір MacBook Pro қосалқы құралдары кішкентай балаларға тұншығу қаупін төндіруі мүмкін. Бұл қосалқы құралдарды кішкентай балалардан алыс сақтаңыз.
Маңыздылығы жоғары әрекеттер. MacBook Pro компьютердің ақаулығы өлімге, адамның жарақаттануына немесе қатты қоршаған орта зақымына әкелуі мүмкін жерлерде пайдалануға арналмаған.
Жарылғыш және басқа атмосфералық жағдайлар. MacBook Pro компьютеріңізді ықтимал жарылысқа қауіпті орталарда—әсіресе жанғыш химиялық заттардың, газдардың немесе бөлшектердің (дән, шаң немесе металл ұнтақтары сияқты) жоғары мөлшері бар аймақтарда пайдалану қауіпті болуы мүмкін. MacBook Pro компьютерін өндірістік химиялық заттардың жоғары концентрациясы бар орталарға, соның ішінде гелий сияқты буланған, сұйытылған газдар бар жерлерге қою MacBook Pro компьютерінің функционалдығын зақымдауы немесе нашарлатуы мүмкін. Барлық таңбалар мен нұсқауларға жүгініңіз.