Mac компьютеріңіздегі Dock тақтасы
Экранның төменгі жағындағы Dock жиі пайдаланылатын қолданбалар мен құжаттарды сақтауға арналған қолайлы орын болып табылады.
Қолданбаны немесе файлды ашыңыз. Dock тақтасында оның белгішесін басыңыз. Соңғы ашылған қолданбалар Dock тақтасының ортаңғы бөлігінде пайда болады.
Элементті Dock тақтасына қосыңыз. Элементті қажетті жерге сүйреп апарып тастаңыз. Қолданбаларды Dock тақтасының сол жақ бөлігіне, ал файлдарды немесе қалталарды оң жақ бөлігіне орналастырыңыз.
Элементті Dock тақтасынан жойыңыз. Оны Dock тақтасынан сыртқа сүйреңіз. Элемент MacBook Pro компьютерінен емес—тек Dock тақтасынан жойылады.
Қолданбадағы барлық ашық терезелерді қараңыз. Exposé терезесіне кіру және қолданбаның барлық ашық терезелерін қарау үшін Dock тақтасында қолданбаны күштеп басыңыз.
Кеңес: Dock тақтасын үлкенірек немесе кішірек ету, элементтерді қосу немесе жою, оны экранның сол жағына немесе оң жағына жылжыту және керек десеңіз, оны пайдаланбаған кезде жасырылатын етіп орнату үшін System Preferences терезесінде Dock түймесін басыңыз.