Mac компьютеріңіздегі System Preferences терезесі
System Preferences — MacBook Air параметрлерін жекелендіретін жер. Мысалы, ұйқы режимінің параметрлерін өзгерту үшін Energy Saver теңшелімдерін пайдаланыңыз. Не болмаса, жұмыс үстелі суретін қосу немесе экран қорғағышты таңдау үшін Desktop & Screen Saver теңшелімдерін пайдаланыңыз.
MacBook Air компьютеріңізді тазалау. Dock тақтасында System Preferences белгішесін басыңыз немесе Apple мәзірі > System Preferences тармағын таңдаңыз. Одан кейін орнату керек теңшелім түрін басыңыз. Қосымша мәліметтерді macOS жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығындағы Mac компьютеріңізді System Preferences терезесімен теңшеу бөлімінен қараңыз.
macOS жүйесін жаңартыңыз. Dock тақтасындағы System Preferences белгішесін басыңыз, одан кейін Mac компьютеріңіздің macOS бағдарламалық жасақтамасының ең соңғы нұсқасын іске қосып тұрғанын көру үшін Software Update түймесін басыңыз. Бағдарламалық жасақтамаларды автоматты түрде жаңарту үшін параметрлерді көрсетуіңізге болады.