Mac компьютеріңізді іске қосу
MacBook Air компьютеріңізді бірінші рет іске қосқанда, Setup Assistant жаңа Mac компьютерін пайдалануды бастау үшін қажетті қарапайым қадамдар арқылы нұсқау береді. Деректерді басқа компьютерден тасымалдағыңыз келсе, мәліметтерді Деректеріңізді жаңа MacBook Air компьютеріңізге тасымалдау бөлімінен қараңыз.
Міндетті түрде Wi-Fi желісіне қосылыңыз, Bluetooth® сымсыз технологиясын қосыңыз, Apple ID идентификаторын алыңыз, одан кейін құрылғыңызға кіріңіз. Қажет болса, орнату кезінде Siri көмекшісін белсендіріңіз. Сондай-ақ, Touch ID және Apple Pay функцияларын орнатуыңызға болады.
Apple ID идентификаторыңызбен кіріңіз. Apple ID идентификаторыңыз — Apple құрылғысымен—соның ішінде App Store, iTunes Store, iCloud, Messages және т.б. қызметтермен орындайтын барлық нәрсе үшін пайдаланатын тіркелгіңіз. Apple ID электрондық пошта мекенжайы мен құпия сөзден тұрады. Кез келген Apple қызметін, кез келген құрылғыда—ол компьютеріңіз, iOS құрылғыңыз, iPadOS құрылғыңыз немесе Apple Watch құрылғыңыз болсын, пайдалану үшін сізге тек бір Apple ID керек. Жеке Apple ID идентификаторыңыз болғаны және оны бөліспегеніңіз дұрыс.
Apple ID идентификаторыңыз бұрыннан болмаса, біреуін орнату кезінде (тегін) жасауыңызға болады. Apple ID тіркелгіңізді басқару үшін Apple ID тіркелгісінің веб-торабына өтіңіз.
Басқа жанұя мүшелері Apple құрылғыларын пайдаланса, әрбір жанұя мүшесінде өздерінің жеке Apple ID идентификаторы бар екенін тексеріңіз. Apple ID тіркелгілерін балаларыңыз үшін жасауыңызға және сатып алуларыңыз бен жазылымдарыңызды Family Sharing мүмкіндігімен бөлісуіңізге болады. Mac компьютеріндегі Apple Account бөлімін қараңыз.
Маңызды: Apple ID құпия сөзіңізді ұмытсаңыз, жаңа Apple ID жасаудың қажеті жоқ. Құпия сөзіңізді қалпына келтіру үшін кіру терезесіндегі «Forgot Apple ID or password?» сілтемесін жай ғана басыңыз.
Орнату тапсырмаларын Setup Assistant көмегімен жылдам және оңай орындай аласыз—бірақ, оларды кейінірек орындағыңыз келсе, жолы мінекей:
Ашық немесе күңгірт көріністі таңдаңыз. Mac компьютеріңізді орнатқанда жасаған таңдауыңызды өзгерткіңіз келсе, Dock тақтасындағы System Preferences белгішесін басыңыз немесе Apple мәзірі > System Preferences тармағын таңдаңыз. General түймесін басыңыз, одан кейін көрінісіңіз үшін Light, Dark немесе Auto параметрін таңдаңыз. Осы жерде басқа көрініс теңшелімдерін де орнатуыңызға болады.
Wi-Fi желісіне қосылыңыз. Мәзір жолағында Wi-Fi status белгішесін басыңыз, одан кейін Wi-Fi желісін таңдап, қажет болса құпия сөзді енгізіңіз.
Wi-Fi желісін қосыңыз немесе өшіріңіз. Мәзір жолағында Wi-Fi status белгішесін басыңыз, одан кейін Turn Wi-Fi On немесе Turn Wi-Fi Off параметрін таңдаңыз.
Bluetooth қызметін қосыңыз немесе өшіріңіз. Мәзір жолағында Bluetooth белгішесін басыңыз, одан кейін Turn Bluetooth On немесе Turn Bluetooth Off параметрін таңдаңыз.
Кеңес: Мәзір жолағында Wi-Fi status белгішесін немесе Bluetooth белгішесін көрмесеңіз, оларды қосуыңызға болады. Wi-Fi үшін Apple мәзірі > System Preferences тармағын таңдаңыз, одан кейін Network түймесін басыңыз. Сол жақтағы тізімнен Wi-Fi тармағын таңдаңыз, одан кейін «Show Wi-Fi status in menu bar» параметрін таңдаңыз. Bluetooth үшін Apple мәзірі > System Preferences тармағын таңдаңыз, Bluetooth түймесін басыңыз, одан кейін «Show Bluetooth in menu bar» параметрін таңдаңыз.
MacBook Air компьютеріңізде iCloud қызметін орнатыңыз. iCloud көмегімен барлық мазмұнды—құжаттарды, фильмдерді, музыканы, фотосуреттерді және т.б.—бұлтта сақтай аласыз және оған барлық жерден кіре аласыз.
iCloud қызметін орнату үшін Apple мәзірі > System Preferences тармағын таңдаңыз. Әлі кірмеген болсаңыз, Apple ID идентификаторыңызбен кіріңіз. Apple ID > iCloud тармағын басыңыз, одан кейін пайдаланғыңыз келетін мүмкіндіктерді таңдаңыз. Қосымша мәліметтер алу үшін Mac компьютеріңіздегі iCloud мазмұныңызға қатынау бөлімін қараңыз.
Маңызды: Міндетті түрде барлық құрылғыларыңызда бірдей Apple ID идентификаторымен кіріңіз.
Siri көмекшісін орнатыңыз. Орнату кезінде нұсқау берілгенде MacBook Air компьютерінде Siri көмекшісін қосуыңызға болады. Siri көмекшісін кейінірек қосу жолын үйрену және Mac компьютеріңізде Siri көмекшісін пайдалану туралы ақпарат алу үшін Mac компьютеріңіздегі Siri көмекшісі бөлімін қараңыз.
«Hey Siri» көмекшісін орнатыңыз. MacBook Air компьютеріңізде сұрауларыңызға жауаптар алу үшін жай ғана «Hey Siri» деп айтуыңызға болады. System Preferences терезесінің Siri тақтасындағы осы мүмкіндікті қосу үшін «Listen for «Hey Siri»» түймесін басыңыз, одан кейін сұралған кезде бірнеше Siri пәрмендерін айтыңыз.
Touch ID қызметін орнатыңыз. MacBook Air компьютеріңізбен орнату кезінде саусақ ізін Touch ID құралына қосуыңызға болады. Touch ID қызметін кейінірек орнату немесе қосымша саусақ іздерін қосу үшін Dock тақтасында System Preferences белгішесін басыңыз немесе Apple мәзірі > System Preferences тармағын таңдаңыз. Одан кейін, Touch ID түймесін басыңыз. Саусақ ізін қосу үшін түймесін басыңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Сондай-ақ, MacBook Air компьютеріңізде Touch ID құралын пайдалану жолы үшін параметрлерді орнатуыңызға болады:
Mac компьютеріңіздің құлпын ашу (құпия сөзіңізді енгізудің орнына)
Apple Pay қызметін пайдалану (Mac компьютеріңізде Apple Pay қызметін пайдалану бөлімін қараңыз)
iTunes Store, App Store және Book Store дүкендерінен элементтер сатып алу
Password AutoFill мүмкіндігін пайдалану
Кеңес: Екі немесе одан көп пайдаланушы бір MacBook Air компьютерін пайдаланса, MacBook Air компьютерінің құлпын жылдам ашу, түпнұсқалықты растау және оған кіру үшін әрбір пайдаланушы Touch ID идентификаторына бір саусақ ізін қоса алады. Әрбір пайдаланушы тіркелгісіне үш саусақ ізіне дейін, ал барлық MacBook Air пайдаланушы тіркелгілеріңіз үшін барлығы бес саусақ ізін қосуыңызға болады.
Apple Pay қызметін орнатыңыз. Орнату кезінде MacBook Air компьютеріңізде бір пайдаланушы тіркелгісі үшін Apple Pay қызметін орнатуыңызға болады. Басқа пайдаланушылар әлі де Apple Pay көмегімен төлей алады, бірақ олар сатып алуды өздерінің Apple Pay үшін орнатылған iPhone немесе Apple Watch құрылғысымен аяқтауы тиіс (қосымша мәліметтерді Mac компьютеріңізде Apple Pay қызметін пайдалану бөлімінен қараңыз). Картаны қосу және растау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Картаны мультимедиа сатып алулары үшін бұрыннан пайдалансаңыз, сізден алдымен осы картаны растау сұралуы мүмкін.
Apple Pay қызметін орнату немесе қосымша карталарды кейінірек қосу үшін Dock тақтасында System Preferences белгішесін басыңыз немесе Apple мәзірі > System Preferences тармағын таңдаңыз. Одан кейін, Wallet & Apple Pay түймесін басыңыз және Apple Pay қызметін орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Ескертпе: Карта шығарушысы картаның Apple Pay қызметімен пайдалануға жарамды екенін анықтайды және растау процесін аяқтау үшін сізден қосымша ақпарат беруді сұрауы мүмкін. Көптеген несие және дебет карталарын Apple Pay қызметімен пайдалануға болады. Apple Pay қолжетімділігі және ағымдағы несиелік карта шығарушылары туралы ақпаратты Apple Pay қатысушы банктері атты Apple Support мақаласынан қараңыз.