Mac компьютеріңіздегі Notification Center терезесі
Күніңіз туралы мәліметтерді қарау (күнтізбе, акциялар, ауа райы және т.б.) және өткізіп алған болуыңыз мүмкін хабарландыруларды ұстау (электрондық пошта, еске салғыштар, қолданба хабарландырулары және т.б.) үшін Notification Center терезесін пайдаланыңыз.
Notification Center терезесін ашыңыз. Экранның жоғарғы оң жағындағы Notification Center белгішесін басыңыз. Алдағы болатын нәрселерді қарау үшін Today түймесін, ал не болып жатқанын қарап шығу үшін Notifications түймесін басыңыз.
Хабарландырулардың дыбысын өшіріңіз. Notification Center терезесін ашыңыз, жоғары сипаңыз, одан кейін Do Not Disturb параметрін қосыңыз. Хабарландырулар келген кезде оларды көрмейсіз немесе естімейсіз, бірақ оларды кейінірек Notification Center терезесінде қарауыңызға болады.
Қосымша мәліметтер. Mac компьютеріңіздегі Notifications тізімін пайдалану атты Apple Support мақаласын қараңыз.