Қосылған нәрселер: M2 чипі бар MacBook Air
MacBook Air компьютеріңізді пайдалану үшін сізге қорапта берілген екі қосалқы құрал керек—кабель және төменде тізімделген қуат адаптерлерінің біреуі.
Қосалқы құрал | Сипаттама | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
USB-C - MagSafe 3 кабелі: M2 чипі бар MacBook Air компьютеріңізді зарядтау үшін USB-C - MagSafe 3 кабелінің бір ұшын MacBook Air компьютеріңіздегі MagSafe 3 портына, ал екінші ұшын берілген қуат адаптеріне қосыңыз. Кабельді MacBook Air компьютеріне бірінші рет қосқанда, қосқыштағы индикатор батареяның күйін көрсетіп жана бастайды: жасыл толық зарядталған, ал сары зарядталып жатқан күй үшін. | |||||||||||
30 Вт USB-C қуат адаптері. Қуат адаптері қосылғаннан кейін айнымалы ток ашасындағы электрлік пружинаны толық созыңыз және адаптерді айнымалы ток қуат розеткасына қосыңыз. | |||||||||||
35 Вт қос USB-C портының ықшам қуат адаптері: Қуат адаптері қосылғаннан кейін айнымалы ток ашасындағы электрлік пружинаны толық созыңыз және адаптерді айнымалы ток қуат розеткасына қосыңыз. | |||||||||||
67 Вт USB-C қуат адаптері (қосымша): Қуат адаптері қосылғаннан кейін айнымалы ток ашасындағы электрлік пружинаны толық созыңыз және адаптерді айнымалы ток қуат розеткасына қосыңыз. 67 Вт USB-C қуат адаптері M2 чипі бар MacBook Air компьютерін 30 минутта 50 пайызға дейін жылдам зарядтайды. |
Басқа адаптерлер мен қосалқы құралдар бөлек сатылады. Қосымша ақпарат пен қолжетімділік үшін apple.com торабына кіріңіз, жергілікті Apple Store дүкеніне немесе басқа сатушыларға барыңыз. Дұрыс өнімді таңдағаныңызды тексеру үшін құжаттаманы қарап шығыңыз немесе өндірушіден сұраңыз.