MacBook Air компьютеріне арналған Magic Keyboard
Touch ID бар Magic Keyboard пернетақтасында эмодзиді енгізуді, пернетақта тілдерін ауыстыруды, MacBook Air компьютеріңізді құлыптауды және көптеген жүйе функцияларын пернені түртумен орындауды оңайлататын кірістірілген мүмкіндіктер бар. Touch ID құралын орнатқан кезде MacBook Air компьютерінің құлпын ашу, экраныңызды жылдам құлыптау немесе App Store, Apple TV қолданбасынан және Apple Books дүкенінен және Apple Pay қызметін пайдаланатын веб-сайттардан сатып алу үшін саусақ ізіңізді пайдалануыңызға болады.

Touch ID қызметін орнатыңыз. Touch ID құралын баптау кезінде немесе кейінірек System Settings терезесінің Touch ID & Password тармағында баптауыңызға болады. Touch ID туралы қосымша ақпарат алу үшін Mac компьютерінде Touch ID функциясын пайдалану бөлімін қараңыз.
MacBook Air компьютеріңізді қосыңыз. Қақпақты көтеріңіз, Touch ID пернесін (қуат түймесі) немесе кез келген басқа пернені басыңыз.
Touch ID тақтасын пайдаланыңыз. Touch ID функциясын орнатқаннан кейін, компьютерді іске қосқанда немесе қайта іске қосқанда құпиясөзіңізді теру арқылы кіруіңіз керек. Бастапқы кіруден кейін, бірдей сеанста құпиясөзіңіз сұралған кезде, түпнұсқалықты растау үшін тек саусағыңызды Touch ID сенсорына жайлап қоюыңызға болады. Желіде Apple Pay қызметімен қауіпсіз сатып алу үшін Touch ID құралын пайдалануыңызға да болады. Apple Pay туралы қосымша ақпарат алу үшін Wallet және Apple Pay қызметтерін пайдалану бөлімін қараңыз.
MacBook Air компьютеріңізді құлыптау. Экраныңызды жылдам құлыптау үшін Touch ID түймесін басыңыз.
MacBook Air компьютеріңізді өшіру. MacBook Air компьютеріңізді өшіру үшін Apple мәзірі
Функциялық пернелерді пайдаланыңыз. Жоғарғы жолдағы функциялық пернелер осы негізгі жүйе функцияларына таңбашаларды береді.
Brightness (F1, F2): Экранның жарықтығын азайту немесе көбейту үшін
немесе түймесін басыңыз.Mission Control (F3): MacBook Air компьютеріңізде не іске қосылып тұрғанын, соның ішінде барлық бос орындар мен ашық терезелерді көру үшін
түймесін басыңыз.Spotlight Search (F4): Spotlight терезесін ашу үшін
түймесін басыңыз және MacBook Air компьютеріңіздегі бірнәрсені іздеңіз.Dictation/Siri (F5): Айтуды белсендіру үшін
түймесін басыңыз—мәтінді теруге болатын жерде (мысалы, Messages, Mail, Pages және басқа қолданбаларда) айтуыңызға болады. Siri көмекшісін ояту үшін түймесін басып тұрыңыз, одан кейін сұрауыңызды бірден айтыңыз.Do Not Disturb (F6): Do Not Disturb параметрін қосу немесе өшіру үшін
түймесін басыңыз. Do Not Disturb параметрі қосулы кезде, MacBook Air компьютеріңізде хабарландыруларды көрмейсіз немесе естімейсіз, бірақ оларды кейінірек Notification Center терезесінде қарауыңызға болады. Қосымша мәліметтер алу үшін Notification Center орталығын қараңыз.Media (F7, F8, F9): Кері айналдыру үшін
түймесін, ойнату немесе кідірту үшін түймесін немесе әнді, фильмді немесе слайдшоуды алға жылдам айналдыру үшін түймесін басыңыз.Mute (F10): Кірістірілген динамиктерден немесе 3,5 мм құлаққап ұясынан шыққан дыбысты өшіру үшін
түймесін басыңыз.Volume (F11, F12): Кірістірілген динамиктерден, 3,5 мм құлаққап ұясынан немесе Bluetooth дыбыс құрылғысынан шыққан дыбыстың деңгейін көтеру немесе төмендету үшін
немесе түймесін басыңыз.
Ескертпе: Функциялық пернелер нақты қолданбаларда әрекеттерді орындауы мүмкін немесе баламалық функциялары болуы мүмкін—мысалы, F11 пернесі барлық ашық терезелерді жасырып, жұмыс үстелін көрсете алады. Пернемен байланыстырылған балама функцияны іске қосу үшін функциялық пернені басып тұрған кезде Function (Fn)/Globe
Пернетақта параметрлерін реттеңіз. Пернетақта мен Function (Fn)/Globe пернесі
Эмозди мен таңбаларды пайдалану. Эмодзи таңдау құралын шығару үшін (Пернетақта параметрлерінде осы опцияны орнатқан болсаңыз) Function (Fn)/Globe пернесін
Пернетақта тіркесімдері туралы мәліметтер алыңыз. MacBook Air компьютеріңізде белгілі бір тапсырмаларды жылдам орындау немесе әдетте тінтуірмен немесе тракпадпен орындайтын әрекеттеріңізді орындау үшін пернелер тіркесімдерін басуыңызға болады. Мысалы, бөлектелген мәтінді көшіру үшін Command-C пернелер тіркесімін басыңыз, одан кейін мәтін қойылатын жерді басыңыз және Command-V пернелер тіркесімін басыңыз. Жиі пайдаланылатын тіркесімдер тізімін Mac компьютеріңіздегі пернелер тіркесімдері бөлімінен қараңыз. Mac компьютерін жаңадан пайдаланып отырсаңыз, сізге Mac компьютерін жаңадан пайдаланып отырсыз ба? деген бөлім де қызық болуы мүмкін