Деректеріңізді жаңа MacBook Air компьютеріңізге тасымалдау
Файлдар мен параметрлерді басқа Mac компьютерінен немесе компьютерден MacBook Air компьютеріне сымсыз көшіру оңай. Ақпаратты MacBook Air компьютеріңізге бұрыннан бар компьютерден немесе USB сақтау құрылғысындағы Time Machine сақтық көшірмесінен тасымалдауыңызға болады.
Ескі компьютеріңіздегі macOS нұсқасын ондағы ақпаратты тасымалдамастан бұрын жаңартуыңыз керек болуы мүмкін—Migration Assistant көмекшісі macOS 10.7 немесе одан кейінгі жүйені талап етуі мүмкін, бірақ ескі компьютеріңізді мүмкіндігінше ең соңғы нұсқаға жаңартқан дұрыс болады. Сізде қандай MacBook Air компьютері бар екенін білмесеңіз немесе басқа үлгілер туралы ақпарат алу үшін MacBook Air компьютеріңіздің үлгісін анықтау атты Apple Support мақаласын қараңыз.
Кеңес: Жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін жаңа MacBook Air компьютеріңізде macOS жүйесінің ең соңғы нұсқасы іске қосылып тұрғанын тексеріңіз. System Settings терезесін ашыңыз, одан кейін жаңартуларды тексеру үшін General > Software Update түймесін басыңыз.
Компьютерден Mac компьютеріне көшіңіз. Mac компьютерін бірінші рет пайдалансаңыз және Windows компьютерінен ауысқыңыз келсе, macOS жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығындағы Ақпаратты компьютерден Mac компьютеріне тасымалдау бөлімін және Деректерді Windows компьютерінен Mac компьютеріңізге көшіру атты Apple Support мақаласын қараңыз.
Сымсыз тасымалдаңыз. MacBook Air компьютеріңізді бірінші рет орнатқан кезде деректеріңізді тасымалдамаған болсаңыз, Migration Assistant мүмкіндігін кез келген уақытта пайдалануыңызға болады. Finder терезесін ашыңыз, Applications тармағына өтіңіз, Utilities қалтасын ашыңыз, одан кейін Migration Assistant түймесін екі рет басыңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Екі компьютердің де бір желіге қосылғанын тексеріңіз және көшіру процесі бойы компьютерлерді бір-біріне жақын ұстаңыз.
Кеңес: Ақпаратты бұрыннан бар компьютерден MacBook Air компьютеріне сымсыз тасымалдау үшін екі компьютердің де бір желіге қосылғанын тексеріңіз. Тасымалдау процесі кезінде екі компьютерді бір біріне жақын қойыңыз.
Time Machine функциясын файлдарды басқа Mac компьютерінен сақтау құрылғысына (сыртқы диск сияқты) сақтық көшірмелеу үшін пайдаланған болсаңыз, файлдарды құрылғыдан MacBook Air компьютеріне көшіруіңізге болады. Mac компьютеріңізді сақтық көшірмелеу және қалпына келтіру бөлімін қараңыз.
Файлдарды сақтау құрылғысынан көшіріңіз. Сақтау құрылғысын MacBook Air компьютеріңізге қажет жағдайда сәйкес адаптерді (MacBook Air компьютеріңізге арналған адаптерлер бөлімін қараңыз) пайдаланып қосыңыз. Одан кейін, файлдарды сақтау құрылғысынан MacBook Air компьютеріңізге сүйреңіз.
Мазмұныңызды қалпына келтіріңіз. Mac компьютеріңізді Time Machine немесе басқа сақтық көшірмеден қалыпа келтіру жолы туралы мәліметтер алу үшін Mac компьютеріңізді сақтық көшірмеден қалпына келтіру атты Apple Support мақаласын қараңыз.
Қосымша мәліметтер. macOS жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығындағы Ақпаратыңызды Mac компьютеріне басқа компьютерден немесе құрылғыдан тасымалдау бөлімін және Мазмұныңызды жаңа Mac компьютеріне көшіру атты Apple Support мақаласын қараңыз.