Mac ресурстары, қызмет және қолдау
MacBook Air компьютеріңіз туралы қосымша ақпаратты System Report, Apple Diagnostics қолданбаларынан және желілік ресурстардан таба аласыз.
System Report. MacBook Air компьютеріңіз туралы ақпарат алу үшін System Report бағдарламасын пайдаланыңыз. Ол қандай аппараттық құралдың және бағдарламалық жасақтаманың орнатылғанын, сериялық нөмірді және операциялық жүйе нұсқасын, орнатылған жад көлемін және т.б. көрсетеді. System Report бағдарламасын ашу үшін Apple мәзірі > About This Mac тармағын таңдаңыз, одан кейін More Info түймесін басыңыз. Одан кейін System Report түймесін басыңыз.
Apple Diagnostics. Жад немесе процессор сияқты компьютердің компоненттерінде проблеманың бар екенін анықтауға көмектесу үшін Apple Diagnostics қолданбасын пайдалануыңызға болады. Apple Diagnostics аппараттық құрал мәселесінің ықтимал көзін анықтауға көмектеседі және оны шешіп көрудің бірінші қадамдарын береді. Сондай-ақ, көбірек көмек қажет болған жағдайда Apple Diagnostics қолданбасы AppleCare Support орталығымен байланысуыңызға көмектеседі.
Apple Diagnostics қолданбасын пайдаланбастан бұрын қатты диск немесе сыртқы дисплей сияқты сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз. MacBook Air компьютерінің Интернетке қосылғанын тексеріңіз.
Apple Diagnostics қолданбасын MacBook Air компьютерінде іске қосу үшін компьютерді қайта іске қосыңыз және Startup Options терезесін ашу үшін қуат түймесін 10 секунд басып тұрыңыз, одан кейін Diagnostics режиміне кіру үшін Command-D пернелер тіркесімін басып тұрыңыз.
Сұралған жағдайда тұратын жеріңіз үшін тілді таңдаңыз. Return пернесін немесе сол жақ көрсеткі түймесін басыңыз. Негізгі Apple Diagnostics тексеруі аяқталу үшін бірнеше минут кетеді. Мәселе табылса, мәселенің сипаттамасы қосымша нұсқаулармен пайда болады. Apple Diagnostics терезесін жаппастан бұрын AppleCare support орталығына хабарласуыңыз керек жағдайда пайдалану мақсатында барлық анықтамалық кодтарды жазып алыңыз.
Желілік ресурстар. Онлайн қызмет және қолдау ақпаратын алу үшін Welcome to Apple Support торабына өтіңіз. Apple өнімдері туралы мәліметтер алуыңызға, электрондық нұсқаулықтарды қарауыңызға, бағдарламалық жасақтама жаңартуларын тексеруіңізге, басқа Apple пайдаланушыларымен қосылуыңызға және Apple корпорациясынан қызмет, қолдау және жекелендірілген кеңес алуыңызға болады. MacBook Air компьютеріңіз туралы қосымша ақпаратты MacBook Air Support бөлімінен қараңыз.
AppleCare қолдауы. Көмек керек болса, AppleCare өкілдері қолданбаларды орнату және ашу және ақаулықтарды жою бойынша сізге көмектесе алады. Өзіңізге жақын қолдау орталығының нөміріне қоңырау шалыңыз (бірінші 90 күн тегін). Қоңырау шалғанда, MacBook Air компьютеріңіздің сатып алынған күні мен сериялық нөмірін дайындап қойыңыз.
Қолдау көрсету орталығының телефон нөмірлерінің толық тізімі интернеттегі Қолдау және қызмет үшін Apple корпорациясына хабарласу торабында бар. Телефон нөмірлері өзгеруі мүмкін және жергілікті телефон ақылары алынуы мүмкін.
90 күндік тегін телефон арқылы қолдауыңыз сатып алу күнінен басталады.