Mac эргономикасы
Пернетақтаны және тінтуірді пайдаланғанда, иықтарыңыз бос болуы керек. Иық пен қол тік бұрышқа қарағанда үлкендеу бұрыш жасап, білек пен қолыңыз шамамен тік сызық бойымен тұруы тиіс.
Теру немесе сенсорлы панельді пайдалану кезінде жай түртіңіз және қолдарыңыз бен саусақтарыңызды бос ұстаңыз. Бас бармақтарыңызды алақаныңызға бүкпеңіз.
Шаршамау үшін қол позицияларын жиі өзгертіңіз. Кейбір компьютер пайдаланушылары үзіліссіз қарқынды жұмыстан кейін қолдарында, білектерінде немесе шынтақтарында қолайсыздықты сезінуі мүмкін. Қолдарыңыз, білектеріңіз немесе шынтақтарыңыз қатты ауыра бастаса немесе қолайсыздықты сезінсеңіз, білікті дәрігерге қаралыңыз.
Сыртқы тінтуір. Сыртқы тінтуірді пайдалансаңыз, тінтуірді пернетақтамен бірдей биіктікте және қол жеткізуге қолайлы етіп орналастырыңыз.
Орындық. Мықты, қолайлы қолдауды қамтамасыз ететін реттелетін орындық жақсы. Жамбасыңыз көлденең, ал аяқтарыңыз еденде түзу тұратындай етіп орындық биіктігін реттеңіз. Орындықтың арқалығы арқаңыздың төменгі жағын (бел аймағы) тіреп тұруы тиіс. Денеңізге дұрыс шақтау мақсатында арқалықты реттеу үшін өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
Кірістірілген дисплей. Жылтырауды және үстіңгі шамдардан және терезелерден түсетін шағылысуларды азайту үшін дисплейдің бұрышын реттеңіз. Қарсылықты байқасаңыз дисплейді күштемеңіз. Дисплей 135 градустан артық ашуға арналмаған.
Компьютерді бір жұмыс орнынан басқа жерге апарғанда немесе жұмыс аймағындағы жарық өзгерсе, экранның жарықтығын реттеуіңізге болады.
Эргономика туралы қосымша ақпарат алу үшін Эргономика атты Apple Support мақаласын қараңыз.