Mac Studio негіздері
Жаңа Mac компьютеріңізді қарау
Mac Studio компьютеріңіздің порттарына, қосқыштарына, қосалқы құралдары мен басқа мүмкіндіктеріне жылдам кіріспе алыңыз.
Жұмысты бастағыңыз келеді ме?
Дисплейді, пернетақтаны және тінтуірді немесе тақтаны қосқаннан кейін Mac Studio компьютеріңіздің артындағы қуат түймесін басыңыз. Setup Assistant нұсқауларын орындаңыз, сонымен болды, жұмыс істей бересіз.
Үндестірген күйде болыңыз
iCloud қызметімен құжаттарға, фотосуреттерге, музыкаға, қолданбаларға және күнтізбелерге барлық құрылғыларыңыздан қатынаңыз.
Көбірек тапсырма орындаңыз
Mac Studio компьютеріңіз орындағыңыз келетін барлық дерлік нәрселерге арналған қолданбалармен келеді. Фотосуреттеріңіз бен бейнелеріңізді өңдеп, бөлісіңіз, көрсетілімдер жасаңыз және музыка, кітаптар, фильмдер мен т.б. нәрселерді тамашалаңыз. Және App Store дүкенінде жаңа қолданбаларды, соның ішінде енді Mac Studio компьютеріңізде іске қосылатын iPhone және iPad қолданбаларын табыңыз.
Жаңа мүмкіндіктерді табыңыз
Mac Studio компьютеріндегі, macOS Ventura жүйесіндегі және қосылған қолданбалардағы жаңа мүмкіндіктер туралы ақпаратты табыңыз.
Mac Studio негіздері нұсқаулығын шолу үшін беттің жоғарғы жағындағы Table of Contents түймесін басыңыз немесе іздеу өрісіне сөзді немесе тіркесті енгізіңіз. Нұсқаулықты Apple Books қызметінен (қолжетімді жерде) жүктеп алуыңызға да болады.
Көбірек көмек керек болса, Mac Studio Support веб-торабына кіріңіз.