Mac компьютеріңізге арналған маңызды ұстау ақпараты
Пайдалану ортасы. Mac Studio компьютеріңізді келесі ауқымдардан тыс пайдалану оның жұмысына әсер етуі мүмкін:
Жұмыс температурасы: 50° - 95° F (10° - 35° C)
Сақтау температурасы: -40° - 116° F (-40° - 47° C)
Қатысты ылғалдылық: 5% - 90% (конденсациясыз)
Пайдалану биіктігі: 16400 футқа дейін (0 - 5000 метр) тексерілген
Mac Studio компьютеріңізді ауа шаңының немесе сигарет, сигар түтінінің көп мөлшері немесе күлдіктер, пештер немесе ошақтар бар жерде, не болмаса, сүзілмеген ағын суды пайдаланатын ультра дыбыстық ылғалдағышқа жақын пайдаланбаңыз. Түтіннен, тамақ пісіруден, өртеуден немесе ультрадыбыстық ылғалдағышты сүзгіленбеген сумен пайдаланудан туындаған майда ауа-тамшы бөлшектері кей жағдайларда Mac Studio компьютеріңіздің желдету саңылауларына кіруі мүмкін.
Mac Studio компьютеріңізді алып жүру. Mac Studio компьютеріңізді көтеру немесе орнын ауыстыру алдында оны өшіріп, барлық кабельдер мен сымдарды ажыратыңыз. Mac Studio компьютеріңізді көтеру үшін бүйірлерінен ұстаңыз.
Қосқыштарды және порттарды пайдалану. Қосқышты портқа ешқашан күштемеңіз. Қуат сымын қуат портына қоспастан бұрын қуат портының қалдықтан толығымен таза екенін тексеріңіз. Құрылғыны портқа қосу кезінде порттың қалдықтан толығымен таза екенін, қосқыштың портқа сәйкес келетінін және қосқышты портқа дұрыс орналастырғаныңызды тексеріңіз.
Маңызды: Тек компьютеріңізбен немесе қосалқы құралыңызбен келген түпнұсқа кабельдерді немесе Apple бөлшек сауда дүкенінде немесе apple.com торабынан онлайн сатылған кабельдерді пайдаланыңыз.
Mac Studio компьютеріңізді сақтау. Mac Studio компьютеріңізді ұзақ уақытқа сақтайтын болсаңыз, оны салқын жерде (дұрысы 71° F немесе 22° C) сақтаңыз.
Mac Studio компьютеріңізді тазалау. Mac Studio компьютеріңіздің сыртын және оның компоненттерін тазалау кезінде алдымен Mac Studio компьютеріңізді өшіріңіз, одан кейін барлық сымдар мен кабельдерді ажыратыңыз. Одан кейін, Mac Studio компьютерінің сыртын сүрту үшін таза, жұмсақ, түбітсіз шүберекті ылғалдаңыз. Саңылауларға ылғал кіргізбеңіз. Сұйықтықты компьютерге тікелей шашпаңыз. Алкогольді, эрозоль спрейлерді, ерітінділерді, қырғыш заттарды немесе сыртқы бетін зақымдауы мүмкін сутегі тотығын қамтитын тазартқыштарды пайдаланбаңыз.
Дисплейді тазалау. Дисплейді тазалау үшін алдымен Mac Studio компьютеріңізді өшіріңіз, одан кейін барлық сымдар мен кабельдерді ажыратыңыз. Дисплеймен келген тазалау нұсқауларын орындаңыз.