Деректеріңізді жаңа Mac Pro компьютеріңізге тасымалдау
Файлдар мен параметрлерді басқа Mac компьютерінен немесе компьютерден Mac Pro компьютеріне көшіру оңай. Ақпаратты Mac Pro компьютеріңізге ескі компьютерден— немесе USB сақтау құрылғысындағы Time Machine сақтық көшірмесінен—сымсыз немесе Ethernet кабелімен және адаптерлерімен тасымалдауыңызға болады.
Ескі компьютеріңіздегі macOS нұсқасын ондағы ақпаратты тасымалдамастан бұрын жаңартуыңыз керек болуы мүмкін—Migration Assistant көмекшісі macOS 10.7 немесе одан кейінгі жүйені талап етуі мүмкін, бірақ ескі компьютеріңізді мүмкіндігінше ең соңғы нұсқаға жаңартқан дұрыс болады. Сізде қандай Mac Pro компьютері бар екенін білмесеңіз немесе басқа үлгілер туралы ақпарат алғыңыз кедсе, Mac Pro компьютеріңіздің үлгісін анықтау атты Apple Support мақаласын қараңыз.
Кеңес: Жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін жаңа Mac Pro компьютеріңізде macOS жүйесінің ең соңғы нұсқасы іске қосылып тұрғанын тексеріңіз. System Preferences терезесін ашыңыз, одан кейін жаңартуларды тексеру үшін Software Update түймесін басыңыз.
Компьютерден Mac компьютеріне көшіңіз. Mac компьютерін бірінші рет пайдалансаңыз және Windows компьютерінен ауысқыңыз келсе, macOS жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығындағы Ақпаратты компьютерден Mac компьютеріне тасымалдау бөлімін және Деректерді Windows компьютерінен Mac компьютеріңізге көшіру атты Apple Support мақаласын қараңыз.
Сымсыз тасымалдаңыз. Деректерді Mac Pro компьютеріңізді бірінші рет орнатқанда тасымалдау үшін Setup Assistant мүмкіндігін пайдаланыңыз. Деректерді кейінірек тасымалдау үшін Migration Assistant мүмкіндігін пайдаланыңыз. Сымсыз ауысуды орындау үшін Finder терезесін ашыңыз, Applications тармағына өтіңіз, Utilities терезесін ашыңыз, одан кейін Migration Assistant түймесін екі рет басыңыз. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Екі компьютердің де бір желіге қосылғанын тексеріңіз және көшіру процесі бойы компьютерлерді бір-біріне жақын ұстаңыз.
Time Machine функциясын файлдарды басқа Mac компьютерінен сақтау құрылғысына (сыртқы диск сияқты) сақтық көшірмелеу үшін пайдаланған болсаңыз, файлдарды құрылғыдан Mac Pro компьютеріне көшіруіңізге болады. Mac компьютеріңізді сақтық көшірмелеу және қалпына келтіру бөлімін қараңыз.
Файлдарды сақтау құрылғысынан көшіріңіз. Құрылғыны Mac Pro компьютеріндегі USB-A портына немесе Thunderbolt 3 (USB-C) портына қосыңыз, одан кейін файлдарды сақтау құрылғысынан Mac Pro компьютеріне сүйреңіз.
Мазмұныңызды қалпына келтіріңіз. Mac компьютеріңізді Time Machine немесе басқа сақтық көшірмеден қалыпа келтіру жолы туралы мәліметтер алу үшін Mac компьютеріңізді сақтық көшірмеден қалпына келтіру атты Apple Support мақаласын қараңыз.
Қосымша мәліметтер. macOS жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығындағы Ақпаратты Mac компьютеріне басқа компьютерден немесе құрылғыдан тасымалдау бөлімін және Мазмұныңызды жаңа Mac компьютеріне көшіру атты Apple Support мақаласын қараңыз.