GarageBand
GarageBand — музыка жасауға, жазуға және бөлісуге арналған қолданба. Онда аспапты ойнауды үйренуге, музыка жазуға немесе ән жазуға қажетті барлық нәрсе бар—сіздің үйдегі жеке жазу студияңыз.
Жаңа жоба жасаңыз. Ән үлгісімен бастауыңызға болады, ырғақты, пернені және басқа параметрлерді таңдаңыз, одан кейін Record түймесін басып, ойнауды бастаңыз. Әніңізді құрастырыңыз—мысалы, басқа жолдармен және айналымдармен. Quick Help түймесін басыңыз және элементтердің не екенін және қалай жұмыс істейтінін білу үшін меңзерді олардың үстіне ұстап тұрыңыз.
Соққы әкеліңіз. Drummer Loops мүмкіндігін пайдаланып жобаңызға барабандарды жылдам қосуыңызға болады. Loop Browser түймесін басыңыз, одан кейін Drummer Loop белгішесін Tracks аймақтарының бос бөлігіне сүйреңіз. Басқару элементтерінің қарапайым жинағын пайдаланып әнге шақ келу үшін Drummer Loops параметрін теңшеуіңізге болады.
Дауысыңызды жасаңыз. Микрофонды қосыңыз, Track > New Track тармағын таңдаңыз, одан кейін Audio астында микрофонды таңдаңыз. Енгізу, шығару және бақылау параметрлерін орнату үшін Details жанындағы үшбұрышты басыңыз, одан кейін Create түймесін басыңыз. Жазуды бастау үшін Record түймесін , ал жазуды тоқтату үшін Play түймесін басыңыз. (Қосалқы құралдар apple.com торабындаt, жергілікті Apple Store дүкенінде немесе басқа делдалдарда бөлек сатылады.)
Қосымша мәліметтер. GarageBand үшін қолдау бөлімін қараңыз.