Mac Pro компьютерінде SSD модульдерін жою және орнату
Mac Pro компьютеріңізде SSD молульдерін жою және орнату үшін мына қадамдарды орындаңыз. Процесті орындау үшін сізде келесі нәрселер болуы керек:
Кез келген Mac компьютерінде орнатылған Apple Configurator 2.12 немесе одан кейінгі нұсқасы macOS 12.4 немесе одан кейінгі жүйені қолдайды, қуат көзіне қосылады және онда Интернет қатынасы болады.
Apple құрылғыларынан Apple компаниясының 17.0.0.0/8 желісіне барлық желі трафигіне рұқсат ету үшін веб-проксиіңізді немесе брандмауэр порттарын теңшеуіңіз керек болуы мүмкін. Apple өнімдері пайдаланатын порттар туралы қосымша ақпаратты Кәсіпорындық желілерде Apple өнімдерін пайдалану атты Apple Support мақаласынан қараңыз.
Қолдау көрсетілген USB-C – USB-C зарядтау кабелі
USB-C кабелі қуат пен деректердің екеуін де қолдауы тиіс. Thunderbolt 3 кабельдеріне қолдау көрсетіледі.
Қазіргі Mac Pro компьютерімен үйлесімді SSD модульдері.
Intel негізіндегі Mac Pro SSD модульдері қазіргі Mac Pro компьютерімен үйлесімді емес.
ЕСКЕРТУ: Бар SSD картасынан барлық деректердің сақтық көшірмеленгенін тексеріңіз. Түпұсқа SSD модульдеріндегі шифрланған деректер ешқандай басқа Mac компьютерінде оқылмайды. Жаңа SSD модулін жұптау операциясы басталғаннан кейін бар SSD модуліндегі деректерді қалпына келтіру мүмкін емес немесе олар шыққан түпнұсқа Mac Pro компьютерін қоса алғанда, ешбір жүйеге қолжетімді болмайды.
Ескертпе: Mac Pro рамалы жұмыс станцияңыз болса, Mac Pro (Рама) компьютерінде SSD модульдерін жою және орнату бөлімін қараңыз.
Mac Pro компьютеріңізді Apple мәзірі > Shut Down тармағын таңдау арқылы өшіріңіз.
Ыстық болуы мүмкін ішкі компоненттерді ұстамастан бұрын компьютердің 5-10 минут бойы салқындауын күтіңіз.
Mac Pro компьютерінен қуат сымынан басқа барлық кабельдерді ажыратыңыз.
Барлық статикалық электр тогын кетіру үшін Mac Pro компьютеріңіздің сыртындағы металды түртіңіз.
Ескертпе: Mac Pro компьютеріңіздің ішіндегі бөліктерді ұстау немесе компоненттерді орнату алдында әрқашан статикалық электр тогын кетіріңіз. Статикалық электр тогын шығаруды болдырмау үшін кеңейту карталарын орнатуды аяқтамайынша бөлмеде жүрмеңіз.
Қуат сымын ажыратыңыз.
Компьютер корпусының құлпын ысырманы 90 градус сағат тілінің бағытына қарсы бұрау арқылы ашыңыз.
ЕСКЕРТУ: Компьютер қосылып тұрғанда ысырманы бұрамаңыз; олай істеу компьютердің өшуіне әкелуі мүмкін.
Компьютердің корпусын оны ысырма арқылы жоғары тарту арқылы шығарып алыңыз.
Ескертпе: Mac Pro корпусы алынған жағдайда іске қосылмайды.
SSD модулі қақпағының қосқышын солға сырғытыңыз.
SSD модулінің қақпақтарын алып тастаңыз.
Екі бұранданы алып тастау үшін T8 бұрағышын пайдаланыңыз.
SSD модулін тікелей сыртқа тартыңыз. Басқа модульдер үшін де қайталаңыз.
Әрбір модульді дұрыс ұяға орналастырғаныңызды тексере отырып, жаңа модульді орнына сырғытыңыз.
Маңызды: Модульдер «1» және «2» нөмірлерімен белгіленген. «1» нөмірімен белгіленген модуль «1» нөмірімен белгіленген ұяға орнатыдуы, ал «2» нөмірімен белгіленген модуль «2» нөмірімен белгіленген ұяға орнатылуы тиіс.
Жаңа модульдермен келген екі бұранданы орнату үшін T8 бұрағышын пайдаланыңыз.
SSD модуль қақпағын қайта орнатыңыз.
Корпусты компьютердің үстінен сырғытыңыз, одан кейін корпусты құлыптау үшін ысырманы 90 градусқа сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
Mac Pro компьютері корпус қайта қойылмайынша және ысырма бастапқы орнына бұрылмайынша іске қосылмайды.
Mac Pro компьютеріңізге қуат сымынан басқа барлық кабельдерді қайта қосыңыз.
Микробағдарламаны қалпына келтіру процесінің аяқталған уақытын көре алуыңыз үшін мониторды қосыңыз.
USB-C кабелін қуат түймесінен ең алыс Thunderbolt портына қосыңыз. Кабельдің екінші ұшын Mac Pro компьютерін қалпына келтіру үшін пайдаланатын Mac компьютеріне қосыңыз.
Қуат түймесін басып тұрып, Mac Pro компьютерін қуат көзіне қосыңыз және қуат түймесін басып тұруды шамамен 3 секунд бойы жалғастырыңыз. Күй индикаторы шамы тұрақты сары болып жанады.
Ескертпе: Mac Pro компьютерінен ешқандай экран әрекетін көрмейсіз.
Mac Pro компьютеріндегі микробағдарламаны қалпына келтіру үшін Apple Configurator пайдаланушы нұсқаулығындағы Apple кремниімен Mac компьютерін қайта жандандыру немесе қалпына келтіру бөлімінде көрсетілген қадамдарды орындаңыз.