Mac mini негіздері
Жаңа Mac компьютеріңізді қарау
Mac mini компьютеріңіздің порттарына, қосқыштарына, қосалқы құралдары мен басқа мүмкіндіктеріне жылдам кіріспе алыңыз.
Жұмысты бастағыңыз келеді ме?
Дисплейді, пернетақтаны және тінтуірді немесе тақтаны қосқаннан кейін Mac mini компьютеріңіздің артындағы қуат түймесін басыңыз. Setup Assistant нұсқауларын орындаңыз, сонымен болды, жұмыс істей бересіз.
Үндестірген күйде болыңыз
iCloud қызметімен құжаттарға, фотосуреттерге және т.б барлық құрылғыларыңыздан қатынаңыз. Және Mac mini компьютеріңізді iOS және iPadOS құрылғыларыңызбен телефон қоңырауларын шалу және қабылдау, құрылғылар арасында көшіру және қою немесе Instant Hotspot жасау үшін пайдаланыңыз.
Mac mini компьютерін iCloud қызметімен және Continuity мүмкіндігімен пайдалану
Көбірек тапсырма орындаңыз
Mac mini компьютеріңіз орындағыңыз келетін барлық дерлік нәрселерге арналған қолданбалармен келеді. Фотосуреттеріңіз бен бейнелеріңізді өңдеңіз және бөлісіңіз, көрсетілімдер жасаңыз және музыканы, кітаптарды, фильмдерді және т.б. тамашалаңыз. Және App Store дүкенінде жаңа қолданбаларды, соның ішінде енді M1 чипі бар Mac компьютерлерінде іске қосылатын iPhone және iPad қолданбаларын табыңыз.
Mac компьютеріңізбен берілген қолданбалар туралы мәліметтер алу
Жаңа мүмкіндіктерді табыңыз
Mac mini компьютеріндегі, macOS Ventura жүйесіндегі және қосылған қолданбалардағы жаңа мүмкіндіктер туралы ақпаратты табыңыз.
Mac mini компьютеріңіздегі жаңа мүмкіндіктер туралы мәліметтер алыңыз
Mac mini негіздері нұсқаулығын шолу үшін беттің жоғарғы жағындағы Table of Contents түймесін басыңыз немесе іздеу өрісіне сөзді немесе тіркесті енгізіңіз. Нұсқаулықты Apple Books қызметінен (қолжетімді жерде) жүктеп алуыңызға да болады.
Көбірек көмек керек болса, Mac mini Support веб-торабына кіріңіз.