![Mac mini компьютерінің жоғарғы көрінісі.](https://help.apple.com/assets/5F494C35094622944F3B1EBB/5F494C47094622944F3B1EDA/kk_KZ/d22a8f5456c847d4db6132a978d8c092.png)
Mac mini негіздері
![Дисплейдің жанындағы Mac mini.](https://help.apple.com/assets/5F494C35094622944F3B1EBB/5F494C47094622944F3B1EDA/kk_KZ/faedba9a6a6e23c5187ca8ea2a671090.png)
Жаңа Mac компьютеріңізді қарау
Mac mini компьютеріңіздің порттарына, қосқыштарына, қосалқы құралдары мен басқа мүмкіндіктеріне жылдам кіріспе алыңыз.
![Mac mini компьютерінің артқы көрінісі және оның түрлі порттары.](https://help.apple.com/assets/5F494C35094622944F3B1EBB/5F494C47094622944F3B1EDA/kk_KZ/77e195eeb510ee939b1e63209e048484.png)
Жұмысты бастағыңыз келеді ме?
Дисплейді, пернетақтаны және тінтуірді немесе тақтаны қосқаннан кейін Mac mini компьютеріңіздің артындағы қуат түймесін басыңыз. Setup Assistant нұсқауларын орындаңыз, сонымен болды, жұмыс істей бересіз.
![Бірдей iCloud мазмұнына қатынап жатқан түрлі құрылғылардың жанындағы Mac mini.](https://help.apple.com/assets/5F494C35094622944F3B1EBB/5F494C47094622944F3B1EDA/kk_KZ/b6505ac82de1ecc1c6b933daf225cc52.png)
Үндестірген күйде болыңыз
iCloud қызметімен құжаттарға, фотосуреттерге және т.б барлық құрылғыларыңыздан қатынаңыз. Және Mac mini компьютеріңізді iOS және iPadOS құрылғыларыңызбен телефон қоңырауларын шалу және қабылдау, құрылғылар арасында көшіру және қою немесе Instant Hotspot жасау үшін пайдаланыңыз.
Mac mini компьютеріңізді iCloud қызметімен және Continuity мүмкіндігімен пайдалану
![Mac mini компьютеріңізге қосылған қолданбалардың белгішелері.](https://help.apple.com/assets/5F494C35094622944F3B1EBB/5F494C47094622944F3B1EDA/kk_KZ/4191e75a7145c1dc54239fa0e16090df.png)
Шығармашылыққа ерік беріңіз
Mac mini компьютеріңіз орындағыңыз келетін барлық нәрселерге арналған қолданбалармен келеді. Фотосуреттеріңізді өңдеңіз және бөлісіңіз. Музыканы, кітаптарды, фильмдерді және т.б. тамашалаңыз. Көрсетілімдер жасаңыз. Және App Store дүкенінде жаңа қолданбаларды, соның ішінде енді Apple M1 чипі бар Mac компьютерлерінде іске қосылатын iPhone және iPad қолданбаларын табыңыз.
Mac компьютеріңізбен берілген қолданбалар туралы мәліметер алу
![Maps, Safari және Messages қолданбаларының қабаттасқан экрандары.](https://help.apple.com/assets/5F494C35094622944F3B1EBB/5F494C47094622944F3B1EDA/kk_KZ/7e4661008ef778e90959f5c7796ca4ab.png)
Жаңа мүмкіндіктерді табыңыз
macOS жүйесіндегі жаңа мүмкіндіктер, қосылған қолданбалар және Mac mini компьютеріңіз туралы ақпарат алыңыз.
Mac mini компьютеріңіздегі жаңа мүмкіндіктер туралы мәліметтер алыңыз
Mac mini негіздері нұсқаулығын шолу үшін беттің жоғарғы жағындағы Table of Contents түймесін басыңыз немесе іздеу өрісіне сөзді немесе тіркесті енгізіңіз. Нұсқаулықты Apple Books қызметінен (қолжетімді жерде) жүктеп алуыңызға да болады.
Көбірек көмек керек болса, Mac mini Support веб-торабына кіріңіз.