Дисплейдің жанындағы Mac mini.

Жаңа Mac компьютеріңізді қарау

Mac mini компьютеріңіздің порттарына, қосқыштарына, қосалқы құралдары мен басқа мүмкіндіктеріне жылдам кіріспе алыңыз.

Mac mini компьютерін шолып шығыңыз

Mac mini компьютерінің артқы көрінісі және оның түрлі порттары.

Жұмысты бастағыңыз келеді ме?

Дисплейді, пернетақтаны және тінтуірді немесе тақтаны қосқаннан кейін Mac mini компьютеріңіздің артындағы қуат түймесін басыңыз. Setup Assistant нұсқауларын орындаңыз, сонымен болды, жұмыс істей бересіз.

Mac mini компьютеріңізді орнату

Бірдей iCloud мазмұнына қатынап жатқан түрлі құрылғылардың жанындағы Mac mini.

Үндестірген күйде болыңыз

iCloud қызметімен құжаттарға, фотосуреттерге және т.б барлық құрылғыларыңыздан қатынаңыз. Және Mac mini компьютеріңізді iOS және iPadOS құрылғыларыңызбен телефон қоңырауларын шалу және қабылдау, құрылғылар арасында көшіру және қою немесе Instant Hotspot жасау үшін пайдаланыңыз.

iCloud қызметін Mac mini компьютеріңізбен пайдалану

Maps, Safari және Messages қолданбаларының қабаттасқан экрандары.

Жаңа мүмкіндіктерді табыңыз

Жаңа macOS Sonoma жүйесінде және қосылған қолданбаларыңызда қандай жаңа мүмкіндіктер барын табыңыз.

macOS Sonoma жүйесіндегі жаңа мүмкіндіктер

Mac mini компьютеріңізге қосылған қолданбалардың белгішелері.

Көбірек тапсырма орындаңыз

Mac mini компьютеріңіз орындағыңыз келетін барлық дерлік нәрселерге арналған қолданбалармен келеді. Фотосуреттеріңіз бен бейнелеріңізді өңдеңіз және бөлісіңіз, көрсетілімдер жасаңыз және музыканы, кітаптарды, фильмдерді және т.б. тамашалаңыз. App Store дүкенінде жаңа қолданбаларды, соның ішінде енді Apple Silicon процессоры бар Mac компьютеріңізде іске қосылатын iPhone және iPad қолданбаларын табыңыз.

Mac компьютеріңізбен берілген қолданбалар туралы мәліметтер алу

Mac mini негіздері нұсқаулығын шолу үшін беттің жоғарғы жағындағы Table of Contents түймесін басыңыз немесе іздеу өрісіне сөзді немесе тіркесті енгізіңіз.

Көбірек көмек керек болса, Mac mini Support веб-торабына кіріңіз.

Барлық мүмкіндіктер мен мазмұн барлық елдерде немесе аймақтарда қолжетімді бола бермейді. Apple TV+ үшін жазылу талап етіледі.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.