Дисплейдің жанындағы Mac mini.

Жаңа Mac компьютеріңізді қарау

Mac mini компьютеріңіздің порттарына, қосқыштарына, керек-жарақтары мен басқа мүмкіндіктеріне жылдам кіріспе алыңыз.

Mac mini компьютерін шолып шығыңыз

Mac mini компьютерінің артқы көрінісі және оның түрлі порттары.

Жұмысты бастағыңыз келеді ме?

Дисплейді, пернетақтаны және тінтуірді немесе тақтаны қосқаннан кейін Mac mini компьютеріңіздің артындағы қуат түймесін басыңыз. Setup Assistant нұсқауларын орындаңыз, сонымен болды, жұмыс істей бересіз.

Mac mini компьютеріңізді орнату

Бірдей iCloud мазмұнына қол жеткізіп жатқан түрлі құрылғылардың жанындағы Mac mini.

Үндестірген күйде болыңыз

iCloud қызметімен құжаттарға, фотоларға және т.б барлық құрылғыларыңыздан қол жеткізіңіз. Және Mac mini компьютеріңізді iOS және iPadOS құрылғыларыңызбен телефон қоңырауларын шалу және қабылдау, құрылғылар арасында көшіру және қою немесе Instant Hotspot жасау үшін пайдаланыңыз.

iCloud қызметін Mac mini компьютеріңізбен пайдалану

Mac mini компьютеріңізге қосылған қолданбалардың белгішелері.

Көбірек тапсырма орындаңыз

Mac mini компьютеріңіз байланыста болуыңызға көмектесетін, шығармашылықпен айналысуыңызға мүмкіндік беретін және сағаттаған ойын-сауықтарды ұсынатын және т.б. кірістірілген қолданбалармен келеді.

Mac mini компьютеріңіздегі қолданбалармен орындауға болатын нәрселер туралы мәліметтер алыңыз

Maps, Safari және Notes қолданбаларының қабаттасқан экрандары.

Жаңа мүмкіндіктерді табыңыз

Жаңа macOS Sequoia жүйесінде және қосылған қолданбаларыңызда қандай жаңа мүмкіндіктер барын табыңыз.

macOS Sequoia жүйесіндегі жаңа мүмкіндіктер

Екі дисплейді көрсетіп тұрған белгіше.

Дисплейді қосу

Mac mini үш сыртқы мониторға дейін қолдайды, бұл сізде кез келген орнатуда икемдеуге дайын жұмыс үстелі бар екенін білдіреді.

Дисплейді қосу

Migration Assistant белгішесі.

Ақпаратты тасымалдау

Файлдар, контактілер, тіркелгілер және т.б. сияқты деректеріңізді басқа компьютерден жаңа Mac компьютеріңізге көшіріңіз.

Деректеріңізді тасымалдау

Сөз көпіршігінде сұрақ белгісін көрсетіп тұрған белгіше.

Жалпы сұрақтар

Mac mini компьютеріңіз туралы қосымша мәліметтер керек пе? Mac компьютеріңіз туралы жалпы сұрақтарға жауаптарды табыңыз.

Жауаптар табу

Mac mini Жұмысты бастау нұсқаулығын шолу үшін беттің жоғарғы жағындағы «Мазмұны» түймесін басыңыз немесе іздеу өрісіне сөзді немесе тіркесті енгізіңіз.

Көбірек көмек керек болса, Mac mini Support веб-сайтына кіріңіз.

Барлық мүмкіндіктер мен мазмұн барлық елдерде немесе аймақтарда қолжетімді бола бермейді. Apple TV+ үшін жазылу талап етіледі.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.