![Mac mini компьютерінің жоғарғы көрінісі.](https://help.apple.com/assets/646BA1F028A6766AF70D82D8/646BE59EBEA5A171686C5564/kk_KZ/26b8352c5a3ba6286205e36e8a59da31.png)
Mac mini негіздері
![Дисплейдің жанындағы Mac mini.](https://help.apple.com/assets/646BA1F028A6766AF70D82D8/646BE59EBEA5A171686C5564/kk_KZ/c9d57897b33e86b70053745751b7a736.png)
Жаңа Mac компьютеріңізді қарау
Mac mini компьютеріңіздің порттарына, қосқыштарына, қосалқы құралдары мен басқа мүмкіндіктеріне жылдам кіріспе алыңыз.
![Mac mini компьютерінің артқы көрінісі және оның түрлі порттары.](https://help.apple.com/assets/646BA1F028A6766AF70D82D8/646BE59EBEA5A171686C5564/kk_KZ/85d6570e52f1260221ffc15260f86e5a.png)
Жұмысты бастағыңыз келеді ме?
Дисплейді, пернетақтаны және тінтуірді немесе тақтаны қосқаннан кейін Mac mini компьютеріңіздің артындағы қуат түймесін басыңыз. Setup Assistant нұсқауларын орындаңыз, сонымен болды, жұмыс істей бересіз.
![Бірдей iCloud мазмұнына қатынап жатқан түрлі құрылғылардың жанындағы Mac mini.](https://help.apple.com/assets/646BA1F028A6766AF70D82D8/646BE59EBEA5A171686C5564/kk_KZ/06d70eaae4119412a38bdd5a1fd4dc90.png)
Үндестірген күйде болыңыз
iCloud қызметімен құжаттарға, фотосуреттерге және т.б барлық құрылғыларыңыздан қатынаңыз. Және Mac mini компьютеріңізді iOS және iPadOS құрылғыларыңызбен телефон қоңырауларын шалу және қабылдау, құрылғылар арасында көшіру және қою немесе Instant Hotspot жасау үшін пайдаланыңыз.
![Maps, Safari және Messages қолданбаларының қабаттасқан экрандары.](https://help.apple.com/assets/646BA1F028A6766AF70D82D8/646BE59EBEA5A171686C5564/kk_KZ/61cbc90e8b3763d936b66ac0df291b13.png)
Жаңа мүмкіндіктерді табыңыз
Жаңа macOS Sonoma жүйесінде және қосылған қолданбаларыңызда қандай жаңа мүмкіндіктер барын табыңыз.
![Mac mini компьютеріңізге қосылған қолданбалардың белгішелері.](https://help.apple.com/assets/646BA1F028A6766AF70D82D8/646BE59EBEA5A171686C5564/kk_KZ/11dda127c7f31232c6729731c993ab78.png)
Көбірек тапсырма орындаңыз
Mac mini компьютеріңіз орындағыңыз келетін барлық дерлік нәрселерге арналған қолданбалармен келеді. Фотосуреттеріңіз бен бейнелеріңізді өңдеңіз және бөлісіңіз, көрсетілімдер жасаңыз және музыканы, кітаптарды, фильмдерді және т.б. тамашалаңыз. App Store дүкенінде жаңа қолданбаларды, соның ішінде енді Apple Silicon процессоры бар Mac компьютеріңізде іске қосылатын iPhone және iPad қолданбаларын табыңыз.
Mac компьютеріңізбен берілген қолданбалар туралы мәліметтер алу
Mac mini негіздері нұсқаулығын шолу үшін беттің жоғарғы жағындағы Table of Contents түймесін басыңыз немесе іздеу өрісіне сөзді немесе тіркесті енгізіңіз.
Көбірек көмек керек болса, Mac mini Support веб-торабына кіріңіз.