Сыртқы дисплейді iMac компьютеріңізге қосу
Сыртқы дисплейді, проекторды немесе HDTV теледидарын iMac компьютеріңіздегі бейне шығысын қолдайтын порттарға қоса аласыз.
24 дюймдік iMac компьютері: Бір сыртқы дисплейді(6K пішіміне дейін), бір проекторды немесе HDTV теледидарын 24 дюймдік iMac компьютеріндегі екі Thunderbolt / USB 4 портының біреуіне қосуыңызға болады. Порттар туралы қосымша ақпаратты Шолып шығыңыз: 24 дюймдік iMac бөлімінен қараңыз.
21,5 дюймдік iMac және 27 дюймдік iMac компьютері: Thunderbolt 3 (USB-C) порттары бейне шығысын қолдайды. Сыртқы дисплейді, проекторды немесе HDTV теледидарын қосуыңызға болады.
Ескертпе: Бірнеше құрылғыны бір портқа қоссаңыз және құрылғылардың біреуі сыртқы монитор болса, монитор қосылымдағы соңғы құрылғы болуы тиіс. Бұл бірнеше портты адаптерді немесе шоғырлағышты пайдаланғанда қолданылмайды.
Кеңес: Apple TV теледидарына қосылған HDTV теледидарыңыз болса, iMac экранын 1080p HD мәніне дейінгі ажыратымдылықта көрсету үшін AirPlay мүмкіндігін пайдалануыңызға болады. Мәліметтерді Mac компьютеріңізде AirPlay қызметін пайдалану бөлімінен қараңыз.
Мониторыңыздың қосқышы пайдаланғыңыз келетін портқа сәйкес келмесе, оны адаптермен (бөлек сатылады) пайдалануыңызға болады. Қосымша ақпарат пен қолжетімділік үшін apple.com торабына кіріңіз, жергілікті Apple Store дүкеніне немесе басқа сатушыларға барыңыз. Дұрыс өнімді таңдағаныңызды тексеру үшін монитордың құжаттамасын қарап шығыңыз немесе монитор өндірушісінен сұраңыз. Mac компьютеріңіздегі USB-C Thunderbolt 3 немесе USB-C портына арналған адаптерлер бөлімін қараңыз.
Осы құрылғыны қосу үшін | Мына кабельді немесе адаптерді пайдаланыңыз |
---|---|
Apple Pro Display XDR (тек 24 дюймдік iMac) | Thunderbolt 3 (USB-C) кабелі |
Thunderbolt 3 (USB-C) дисплейі | Thunderbolt 3 (USB-C) кабелі |
USB-C дисплейі | USB-C (USB 3.1) кабелі |
Thunderbolt 2 дисплейі | Thunderbolt 3 (USB-C) to Thunderbolt 2 адаптері |
HDMI дисплейі немесе HDTV | USB-C to HDMI адаптері немесе USB-C Digital AV Multiport адаптері. Егер iMac компьютерінде HDMI порты болса, тікелей қосылу үшін HDMI кабелін пайдаланыңыз. |
VGA дисплейі немесе проектор | USB-C VGA Multiport адаптері |
DisplayPort немесе Mini DisplayPort дисплейі | USB-C to DisplayPort немесе Mini DisplayPort адаптері |
DVI дисплейі немесе проектор | USB-C to DVI адаптері |
Дисплейлерді реттеңіз. Сыртқы мониторды немесе проекторды қосқаннан кейін, мониторлардың реттелу жолын орнату, экранды көрсетуді қосу немесе өшіру және түске, ажыратымдылыққа және т.б. басқа реттеулер жасау үшін System Preferences терезесіндегі Displays preferences параметрін пайдаланыңыз.
Ақаулықтарды жою. iMac компьютеріңіздің қанша сыртқы мониторды қолдайтынын білмесеңіз, About This Mac терезесіндегі Resources қойындысын қараңыз. Apple мәзірі > About This Mac > Resources тармағын таңдаңыз, Specifications түймесін басыңыз, одан кейін Video Support параметрін табыңыз (айналдыруыңыз керек болуы мүмкін). Сыртқы мониторлармен ақауды жою үшін Mac компьютеріңізге қосылған сыртқы мониторлардағы бейне ақаулары бойынша көмек алу бөлімін қараңыз.