Сыртқы дисплейді iMac компьютеріңізбен пайдалану
iMac компьютеріңіздегі Thunderbolt 3 (USB-C) порттары бейне шығысын қолдайды. iMac компьютеріңізбен сыртқы дисплейді, проекторды немесе HDTV теледидарын пайдалана аласыз.
Бұл құрылғыны Thunderbolt 3 (USB-C) портына қосу үшін | Мына кабельді немесе адаптерді пайдаланыңыз |
---|---|
Thunderbolt 3 (USB-C) дисплейі | Thunderbolt 3 (USB-C) кабелі |
USB-C дисплейі | USB-C (USB 3.1) кабелі |
Thunderbolt 2 дисплейі | Thunderbolt 3 (USB-C) to Thunderbolt 2 адаптері |
HDMI дисплейі немесе HDTV | USB-C to HDMI адаптері немесе USB-C Digital AV Multiport адаптері |
VGA дисплейі немесе проектор | USB-C VGA Multiport адаптері |
DisplayPort немесе Mini DisplayPort дисплейі | USB-C to DisplayPort немесе Mini DisplayPort адаптері |
DVI дисплейі немесе проектор | USB-C to DVI адаптері |
Apple TV теледидарына қосылған HDTV теледидарыңыз болса, iMac экранын 1080p HD мәніне дейінгі ажыратымдылықта көрсету үшін AirPlay мүмкіндігін пайдалануыңызға болады. Мәліметтерді Mac компьютеріңізде AirPlay қызметін пайдалану бөлімінен қараңыз.
Адаптерлер мен басқа қосалқы құралдар бөлек сатылады. Қосымша ақпарат пен қолжетімділік үшін apple.com торабына кіріңіз, жергілікті Apple Store дүкеніне немесе басқа сатушыларға барыңыз. Дұрыс өнімді таңдағаныңызды тексеру үшін құжаттаманы қарап шығыңыз немесе өндірушіден сұраңыз.
Қосымша мәліметтер. Дисплей теңшелімдері және т.б. туралы мәліметтерді Mac компьютеріңізбен сыртқы мониторларды пайдалану атты Apple Support мақаласынан қараңыз. Ақауды жою үшін Mac компьютеріңізге қосылған сыртиқы дисплейлердегі бейне ақаулары бойынша көмек алу бөлімін қараңыз.