Reminders
Reminders тапсырмаларыңыздың барлығын бақылап отыруды бұрынғыдан да оңайлатады. Азық-түліктер тізімі, жұмыстағы жобалар немесе бақылағыңыз келетін барлық нәрсе үшін еске салғыштар жасаңыз. Еске салғыштарыңызды жұмыс ағыныңызға сәйкестендіру үшін Tags және Custom Smart Lists сияқты икемді құралдарды пайдаланыңыз және еске салғыштар тізімдерін болашақта қайта пайдалану үшін оларды үлгі ретінде сақтаңыз. Іскерлесу және бірге жұмыс істеу үшін тізімді басқалармен бөлісуіңізге де болады.
Еске салғыш қосу және өңдеу. Жаңа еске салғыш қосу үшін еске салғыш тізімінің төменіндегі бос орынды басыңыз немесе жоғарғы оң жақтағы түймесін басыңыз. Еске салғышыңызға жазбалар, тегтер және күн немесе орын қосыңыз. Қосымша мәліметтерді қосу үшін түймесін басыңыз—мысалы маңызды шара үшін қосымша хабарландыру алу үшін ерте еске салғыш қосыңыз.
Өзгертпелі смарт тізімдер жасаңыз. Smart Lists тізімдері алдағы еске салғыштарыңызды күндерге, уақыттарға, тегтерге, орындарға, жалаушаларға немесе басымдыққа негіздеп автоматты түрде сұрыптайды. Custom Smart Lists тізімдерін Add List түймесін басу арқылы жасаңыз, «Make into Smart List» параметрін таңдаңыз, одан кейін сүзгілер қосыңыз.
Азық-түлік тізімдерін жасаңыз. Азық-түлік тізімдері қосқан заттарыңызды Meat, Produce және Snacks & Candy сияқты түрлі бөлімдерге автоматты түрде сұрыптайды. Азық-түлік тізімін жасау үшін Add List түймесін басыңыз, одан кейін List Type қалқымалы мәзірінде Groceries параметрін таңдаңыз.
Ескертпе: Азық-түлік тізімдері барлық тілдерде қолжетімді бола бермейді.
Тізімді үлгі ретінде сақтаңыз.Қайта пайдаланғыңыз келетін тізім жасағанда, оны үлгі ретінде сақтауыңызға болады. Бүйірлік жолақтағы тізімді таңдаңыз, одан кейін File > Save as Template параметрін таңдаңыз.
Алда не болатынын көріңіз. Бүйірлік жолақтағы Today және Scheduled тізімдері уақыт пен күнге негізделген элементтерді топтайды. Алдағы еске салғыштарды жоғарыда ұстаңыз және ешқашан ешнәрсені өткізіп алмайтыныңызды тексеріңіз.
Еске салғыштарыңызды реттеңіз. Қосымша тапсырмаға айналдыру үшін бір еске салғышты екінші еске салғыштың үстіне сүйреңіз немесе еске салғышты басыңыз және Command-] пернелер тіркесімін басыңыз. Көрінісіңізді кедергісіз ұстау сақтау үшін ішкі тапсырмаларыңызды тасалауыңызға немесе жаюыңызға болады.
Ұқсас еске салғыштарды бірге топтау үшін еске салғышыңызға бөлім қосыңыз. Бөлім қосу үшін Edit > Add Section тармағына өтіңіз, ал бір бөлімді қосып қойған болсаңыз, Manage Sections > Add Section тармағын басыңыз. Еске салғышты бөлімге қосу үшін экранның төменгі жағындағы орын толтырғыш еске салғышты басыңыз, одан кейін теруді бастаңыз.
Бүйірлік тақтада еске салғыштар тізімдерін бірге топтау үшін File > New Group тармағын таңдаңыз. Топқа қалаған атауыңызды беріңіз. Тізімдерді топқа сүйреу арқылы көбірек тізімдер қосыңыз немесе оларды сыртқа сүйреу арқылы оларды жойыңыз.
Еске салғыштарды тізімдерде немесе бағандарда қараңыз. Істеріңізді көрсетудің жаңа жолы үшін еске салғыштарды бағандар ретінде қараңыз. View тармағына өтіп, «as Columns» параметрін таңдаңыз. Әрбір бөлім бағанға айналады және еске салғыштарды аяқтау, оларды жаңа бөлімдерге сүйреп апарып тастау және мәліметтер қосу оңай. Бағандарды пайдаланғанда жаңасын түймесін басу арқылы қосуыңызға болады. Smart List тізімдерімен бағандарды пайдалана алмайсыз.
Тізімде бірлесіп жұмыс істеңіз. Messages немесе Mail қолданбасындағы тізімде бірлесіп жұмыс істеу үшін шақыру жіберуіңізге немесе сілтемені бөлісуіңізге болады. түймесін басыңыз, Messages, Mail қолданбасын немесе Invite with Link параметрін таңдаңыз. Messages қолданбасында бөліссеңіз, ағындағы барлық адамдар тізімге автоматты түрде қосылады. Басқаларды қосулыға шақырғаннан кейін түймесін басу арқылы белсенділікті бақылауыңызға және іскерлесуді басқаруыңызға болады.
Жауапкершілікті тағайындаңыз. Еске салғыштарды тізімдерді бөліскен адамдарыңызға тағайындаңыз, сонда олар хабарландыру алады. Тапсырмаларды бөліңіз және барлық адамдардың өздерінің неге жауапты екендерін білетінін тексеріңіз. Тізімді бөлісу үшін мәзір жолағында түймесін басыңыз және бөлісу жолын таңдаңыз.
Аяқтаған нәрсеңізді көріңіз.Бүйірлік жолақтағы Completed Smart List тізімі аяқталған еске салғыштарыңыздың барлығын, соның ішінде оларды белгілеген уақыттарыңызды көруіңізге мүмкіндік береді.
Mail қызметінде еске салғыш ұсыныстарын алыңыз. Mail қызметінде біреумен хат алмасып отырсаңыз, Siri қолданбасын ықтимал еске салғыштарды тану және оларды жасау үшін сізге ұсыныстар жасауға пайдалана аласыз.
Еске салғышты жылдам қосыңыз. Еске салғышты жылдам қосу үшін табиғи тілді пайдаланыңыз. Мысалы, сол күн мен уақытта қайталанатын еске салғыш жасу үшін «Take Amy to soccer every Wednesday at 5PM» деп жазыңыз.
Siri: Келесі сияқты бірнәрсе айтыңыз: «Remind me to stop at the grocery store when I leave here.»
Қосымша мәліметтер. Reminders пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.