Қосалқы құралдарды iMac компьютеріңізге қосу
iMac компьютеріңізді пернетақта, тінтуір немесе трекпад сияқты басқа құрылғылармен; AirPods сияқты тағылатын құрылғылармен; және т.б. қосуыңызға болады. Қосалқы құралдарды қосудың екі жолы бар: Bluetooth технологиясын пайдаланып сымсыз немесе қосалқы құралдың кабелін iMac компьютеріңіздегі Thunderbolt / USB 4 порттарының немесе USB 3 порттарының (төрт портты үлгідегі iMac компьютеріңіз болса) біреуіне қосу арқылы.
Бастамастан бұрын. Қосалқы құралды iMac компьютеріңізге қоспастан бұрын келесі әрекеттерді орындаңыз:
Қосалқы құралыңызбен келген құжаттарды қараңыз.
Кабельмен қосылып отырсаңыз, сізде дұрыс кабель екенін тексеріңіз. Кабельді iMac компьютеріңіздегі Thunderbolt / USB 4 немесе USB 3 порттарының (төрт портты үлгідегі iMac компьютеріңіз болса) біреуіне қосу үшін сізге адаптер де керек болуы мүмкін. Порттар мен олардың мүмкіндіктері туралы қосымша мәліметтерді Шолып шығыңыз: iMac бөлімінен қараңыз.
iMac компьютеріңіздің macOS жүйесінің ең соңғы нұсқасына жаңартылғанын тексеріңіз.
Сымсыз қосалқы құралды қосу
Bluetooth қызметін қосыңыз. Мәзір жолағында Control Center белгішесін басыңыз. Қосылған кезде Bluetooth белгішесі көк түсті болады. Белгіше сұр түсті болса, Bluetooth функциясын қосу үшін оны басыңыз.
Bluetooth қосалқы құралын жұптаңыз. Bluetooth қосалқы құралын iMac компьютеріңізбен бірінші рет қолданған кезде оларды жұптауыңыз керек. Қосалқы құралдың жұпталуға дайын екенін тексеру үшін қосалқы құралмен келген құжаттарды қараңыз—мысалы, Bluetooth функциясын қосу үшін қосалқы құралда қосқышты аударуыңыз керек болуы мүмкін. Mac компьютеріңіз бен қосалқы құралдың екеуі де қосулы дәне бір біріне жақын болуы тиіс.
Қосалқы құралыңыз жұптауға дайын кезде Mac компьютеріңізде System Settings терезесін ашыңыз және бүйірлік тақтада Bluetooth түймесін басыңыз. Nearby Devices тізімінде қосалқы құралды таңдаңыз, одан кейін Connect түймесін басыңыз.
Bluetooth қосалқы құралын қосыңыз. Қосалқы құралыңыз жұпталғаннан кейін iMac компьютеріңізге автоматты түрде қосылады. Мәзір жолағында Control Center белгішесін басу, одан кейін меңзеріңізді Bluetooth үстіне жылжыту және көрсеткіні басу арқылы iMac компьютеріңізге қандай Bluetooth құрылғыларын қосқаныңызды тексеруіңізге болады. Тізімде көк белгішемен пайда болатын қосалқы құралдар қосылған.
Қосалқы құралыңыз автоматты түрде қосылмаса, Mac компьютеріңізде System Settings терезесін ашып, Bluetooth түймесін басыңыз. Қосалқы құралдың My Devices тізімінде пайда болатынын тексеріңіз. Ол пайда болмаса, қосалқы құралды жұптау үшін қадамдарды орындаңыз.
Bluetooth қосалқы құралын ажырату немесе ұмыту. Bluetooth қосалқы құралын ажырату үшін Mac компьютеріңізде System Settings терезесін ашыңыз және Bluetooth түймесін басыңыз. My Devices тізімінде меңзеріңізді қосалқы құрал үстіне жылжытыңыз, одан кейін ол пайда болған кезде Disconnect түймесін басыңыз. iMac компьютеріңіз автоматты түрде қосылмауы үшін Bluetooth қосалқы құралын ұмыту үшін қосалқы құралдың жанындағы Information белгішесін басыңыз, одан кейін Forget This Device түймесін басыңыз.
Magic Keyboard, Magic Mouse немесе Magic Trackpad құралын қосыңыз. iMac компьютеріңіз Magic Keyboard, Magic Mouse немесе Magic Trackpad құралымен келсе, олар Mac компьютеріңізбен жұпталып қойған. Magic Keyboard, Magic Mouse немесе Magic Trackpad бөлек сатып алған болсаңыз немесе қосалқы құралды қайтадан жұптауыңыз керек болса, Magic Mouse, Magic Trackpad немес Magic Keyboard құралын iMac компьютеріңізге қосалқы құралыңызбен берілген кабельді пайдаланып қосыңыз. Одан кейін, қосалқы құралыңыздағы қосқышты жасыл көрінетіндей етіп сырғытыңыз. Қосалқы құралыңыз кейін Mac компьютеріңізбен жұпталады.
Қосалқы құрал iMac компьютерімен жұпталғаннан кейін кабельді ажыратып, қосалқы құралды сымсыз пайдалануыңызға болады. Magic Mouse, Magic Trackpad немесе Magic Keyboard пернетақтаңыз Bluetooth функциясы қосулы кезде Mac компьютеріңізге автоматты түрде қосылады.
Енгізу құрылғылары туралы ақпаратты Magic Keyboard, Magic Mouse және Magic Trackpad бөлімдерінен қараңыз.
Ескертпе: Magic Keyboard, Magic Trackpad және Magic Mouse өздерінің берілген кабельді пайдаланып қосылған кезде сымды пернетақта және меңзеу құрылғысы сияқты әрекет етеді. Bluetooth пайдаланылмайды және барлық байланыс кабель арқылы.
AirPods құлаққаптарын iMac компьютеріңізбен қосыңыз. AirPods құлаққаптарын жұптау және қосу үшін AirPods құлаққаптарын Apple құрылғысымен жұптау бөлімін қараңыз.
Қосалқы құралды кабельмен қосу
Кейбір қосалқы құралдарды iMac компьютеріңізге кабельмен қосуға болады. Қосалқы құрал мен кабельдің мүмкіндіктеріне байланысты қосалқы құралды зарядтай алуыңыз немесе қосылған кезде деректерді тасымалдай алуыңыз да мүмкін.
Қосалқы құралды қоспастан бұрын онымен келген құжатты қараңыз. Кейбір қосалқы құралдарда қосылуы керек қосымша қуат көзі болады.
Қосалқы құралды қосу үшін қосалқы құралыңыздағы портқа, сонымен қатар iMac компьютеріңіздегі Thunderbolt / USB 4 портына немесе USB 3 портына (төрт портты үлгідегі iMac компьютеріңіз болса) шақ келетін кабельді пайдалануыңыз керек. Кабеліңізде Mac компьютеріңізге арналған дұрыс қосқыш болмаса, кабельді қосу үшін адаптерді пайдалануыңызға болады. Адаптерлер, олардың көрінісі және қандай порттарды пайдалану керектігі туралы қосымша ақпаратты Mac компьютеріңіздегі Thunderbolt 4, Thunderbolt 3 немесе USB-C портына арналған адаптерлер бөлімінен қараңыз.
Кеңес: Кейбір қосалқы құралдар бірінші рет қосылған кезде мақұлдануы керек, қосымша мәліметтерді macOS жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығындағы Қосалқы құралдардың Mac компьютеріне қосылуына рұқсат ету бөлімінен қараңыз.
Қосымша мәліметтер. macOS жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығындағы Mac компьютеріндегі Bluetooth реттеулері және Mac компьютеріндегі USB туралы бөлімдерін қараңыз. Magic Mouse, Magic Trackpad немесе Magic Keyboard пернетақтасын қосу туралы қосымша мәліметтерді Magic Keyboard, Magic Mouse немесе Magic Trackpad тақтаңызды Mac компьютеріңізбен орнату бөлімінен қараңыз. USB құрылғыларының ажыратылғаны туралы ескертпе көрсеңіз, Mac компьютеріңізде USB Devices Disabled ескертпесін көрсеңіз бөлімін қараңыз