Егер сол немесе оң жақ AirPods жұмыс істемесе

Бір AirPods құлаққабынан дыбыс шықпаса немесе бір AirPods құлаққабындағы дыбыс екіншісінен қаттырақ немесе жайырақ шықса, не істеу керектігін біліңіз.

Бір AirPods құлаққабынан дыбыс шықпаса

  1. Зарядтау қабы толықтай зарядталғанына көз жеткізіңіз. Егер зарядтау қабы зарядтамаса, мына қадамдарды орындап көріңіз.

  2. AirPods зарядтау қабының немесе AirPods Pro зарядтау қабының зарядтау портын тазалаңыз.

  3. Екі AirPods құлаққабын зарядтау қабына салыңыз да, 30 секунд зарядтаңыз.

  4. iPhone немесе iPad жанындағы зарядтау қабын ашыңыз.

    Қақпағы ашық зарядтау қабындағы AirPods 4
  5. Әр AirPods зарядталып жатқанына көз жеткізу үшін iPhone немесе iPad құрылғыңыздағы зарядтау күйін тексеріңіз.

    iPhone басты экранындағы AirPods аккумуляторы зарядының деңгейі.
  6. Тиісті құлақта жұмыс істемейтін AirPods салыңыз.

  7. Басқа AirPods зарядтау қабында болғанда, қаптың қақпағын жабыңыз.

  8. AirPods құлаққабыңыз iPhone немесе iPad құрылғыңызға қосылғанына көз жеткізіңіз.

  9. Ақаулы AirPods құлаққабын сынау үшін аудио ойнатыңыз.

  10. Не орын алатынына байланысты:

Бір AirPods дыбысы екеншісінен қаттырақ немесе жайырақ шықса

Егер AirPods құлаққаптарының біреуінде дыбыс тым төмен болса:

  1. Әр AirPod құрылғысында микрофон мен динамик торын тексеру үшін AirPods амбушюрларын алып тастаңыз.

    AirPods құлаққабындағы динамик торы амбушюрімен алынып тасталды.
  2. Қоқыс бар болса, AirPods немесе AirPods Pro құлаққаптарыңызды тазалаңыз.

  3. «Реттеулер» қолданбасына кіріп, «Әмбебап қол жеткізу» тармағын түртіңіз.

  4. «Аудиовизулизация» тармағын түртіп, «Теңгерім» бөліміне дейін төмен айналдырыңыз.

  5. «Теңгерім» жүгірткісі ортада тұрғанына көз жеткізіңіз.

Тағы көмек қажет пе?

Не болып жатқаны жайлы толығырақ баяндаңыз, біз әрі қарай не істей алатыныңызды айтып береміз.

Ұсыныстар алу

Жарияланған күні: