AirPods және AirPods Pro құрылғыларын бастапқы күйге қайтару әдісі

AirPods зарядталмаса немесе басқа ақауды жою үшін, AirPods құлаққаптарын бастапқы күйге қайтару қажет болуы мүмкін.

AirPods 1, AirPods 2, AirPods 3, AirPods Pro 1 немесе AirPods Pro 2 құрылғыларын бастапқы күйге қайтару

  1. AirPods құлаққаптарын зарядтау қабына салып, қақпағын жабыңыз да, 30 секунд күтіңіз.

  2. AirPods құлаққаптарымен жұптастырылған iPhone немесе iPad құрылғысында «Реттеулер > Bluetooth» бөліміне өтіңіз:

    • Егер AirPods «Менің құрылғыларым» тізімінде пайда болса, AirPods жанындағы «Қосымша ақпарат» түймесін және «Бұл құрылғыны ұмыту» түймесін түртіңіз, содан кейін растау үшін қайтадан түртіңіз.

    • Егер AirPods тізімде болмаса, келесі қадамға өтіңіз.

  3. Зарядтау қабының қақпағын ашыңыз.

  4. Қаптың артқы жағындағы реттеу түймесін шамамен 15 секунд басып тұрыңыз.

  5. Қаптың алдыңғы жағындағы күй шамы алдымен сары, содан кейін ақ түспен жыпылықтағанда, AirPods құрылғысын қайта қосу үшін құрылғыңыздың экранындағы қадамдарды орындай аласыз.

Видеоны ойнату

AirPods 4 (барлық модель) немесе AirPods Pro 3 құрылғыларын бастапқы күйге қайтару

  1. AirPods құлаққаптарын зарядтау қабына салып, қақпағын жабыңыз да, 30 секунд күтіңіз.

  2. AirPods құлаққаптарымен жұптастырылған iPhone немесе iPad құрылғысында «Реттеулер > Bluetooth» бөліміне өтіңіз:

    • Егер AirPods «Менің құрылғыларым» тізімінде пайда болса, AirPods жанындағы «Қосымша ақпарат» түймесін және «Бұл құрылғыны ұмыту» түймесін түртіңіз, содан кейін растау үшін қайтадан түртіңіз.

    • Егер AirPods тізімде болмаса, келесі қадамға өтіңіз.

  3. Зарядтау қабының қақпағын ашыңыз.

  4. Күй шамы жанып тұрған кезде қаптың алдыңғы жағын екі рет түртіңіз.

  5. Күй шамы ақ түспен жыпылықтаған кезде, қайтадан екі рет түртіңіз.

  6. Күй шамы жылдамырақ жыпылықтаған кезде, үшінші қайтара екі рет түртіңіз.

  7. Күй шамы алдымен сары, содан кейін ақ түспен жыпылықтағанда, AirPods құрылғысын қайта қосу үшін қүрылғыңыздың экранындағы қадамдарды орындай аласыз.

Видеоны ойнату

AirPods құлаққаптарын бастапқы күйге қайтарғанда күй шамы ақ түспен жыпылықтамаса

  1. AirPods құлаққаптарын зарядтау қабына салып, қақпағын 20 секундқа жабыңыз.

  2. Зарядтау қабының қақпағын ашыңыз.

  3. AirPods моделіне байланысты:

    • AirPods 1, AirPods 2, AirPods 3, AirPods Pro 1 немесе AirPods Pro 2 үшін қаптың алдыңғы жағындағы реттеу түймесін күй шамы алдымен сары, содан кейін ақ түспен жыпылықтағанша шамамен 15 секунд басып тұрыңыз.

    • AirPods 4 модельдері мен AirPods Pro 3 үшін күй шамы жанып тұрған кезде қаптың алдыңғы жағын екі рет түртіңіз, күй шамы ақ түспен жыпылықтаған кезде қайтадан түртіңіз. Күй шамы жылдамырақ жыпылықтап, сары түспен, содан кейін ақ түспен жыпылықтағанша үшінші қайтара тағы екі рет түртіңіз.

  4. AirPods құлаққаптарын қайта қосу: қақпағы ашық зарядтау қабындағы AirPods құлаққаптарын құрылғыңызға жақындатып қойыңыз, содан кейін құрылғыңыздың экранындағы нұсқауларды орындаңыз.

Толығырақ біліңіз

Ауыстырылған AirPods немесе зарядтау қабын реттеу

Жарияланған күні: