Studio Display XDR үшін маңызды ұстау ақпараты
Studio Display XDR мониторыңызды ауа шаңының немесе сигарет, сигар түтінінің көп мөлшері немесе күлдіктер, пештер немесе ошақтар бар жерде, не болмаса, сүзілмеген ағын суды пайдаланатын ультра дыбыстық ылғалдағышқа жақын пайдаланбаңыз. Темекі шегуден, пісіруден, күюден немесе сүзілмеген су бар ультра дыбыстық ылғалдағышты пайдаланудан туындаған ауадағы майда бөлшектер кей жағдайларда Studio Display XDR мониторыңыздың желдеткіш саңылауларына кіруі, белгілі бір жағдайларда мониторды жабатын шыны панельдің бетін аздап зақымдауы мүмкін.
Studio Display XDR мониторын алып жүру.Studio Display XDR мониторыңызды көтеру немесе орнын ауыстыру алдында қуат сымын қабырға розеткасынан ажыратыңыз және барлық кабельдер мен сымдарды ажыратыңыз. Studio Display XDR мониторыңызды көтеру үшін бүйірінен екі қолдап ұстаңыз.
Жазба: Қуат сымы алынбайды.
Қосқыштар мен порттарды пайдалану.Қосқышты портқа ешқашан күштемеңіз. Қуат сымын қуат портына қоспастан бұрын қуат портының қалдықтан толығымен таза екенін тексеріңіз. Құрылғыны портқа қосу кезінде порттың қалдықтан толығымен таза екенін, қосқыштың портқа сәйкес келетінін және қосқышты портқа дұрыс орналастырғаныңызды тексеріңіз.
Studio Display XDR мониторын сақтау.Studio Display XDR мониторыңызды ұзақ уақытқа сақтайтын болсаңыз, оны салқын жерде (дұрысы 71° F немесе 22° C) сақтаңыз.
Мониторды тазалау.Дисплейді тазалау туралы қосымша ақпарат алу үшін Studio Display XDR дисплейін тазалау бөлімін қараңыз. Жылтыратқыш шүберекпен тазалау үшін оны ыдыс жуатын сабынмен және сумен қолмен жуыңыз. Мұқият шайыңыз, одан кейін оның кебуін күтіңіз. Қосымша жылтыратқыш шүберектер үшін AppleCare орталығына хабарласыңыз немесе support.apple.com сайтына кіріңіз.
Жұмыс ортасы.Studio Display XDR мониторыңызды келесі ауқымдардан тыс пайдалану жұмысына әсер етуі мүмкін:
Жұмыс температурасы: 50° - 95° F (10° - 35° C)
Сақтау температурасы: -40° — 116° F (-40° — 47° C)
Салыстырмалы ылғалдылық: 5% - 95% (конденсациясыз)
Жұмыс істеу биіктігі: 16 404 футқа дейін (0 - 5000 метр) тексерілген