Apple Pro Display XDR үшін маңызды қауіпсіздік ақпараты
ЕСКЕРТУ: Бұл қауіпсіздік нұсқауларын орындамау өртті, токтың соғуын немесе жарақатты не Apple Pro Display XDR мониторына немесе басқа затқа зақым тудыруы мүмкін. Pro Display XDR мониторын пайдаланбастан бұрын төмендегі барлық қауіпсіздік ақпаратын оқыңыз.
Пайдалану. Pro Display XDR мониторыңызды оның асты мен айналасында ауаның жеткілікті айналуына мүмкіндік беретін қатты, тұрақты жұмыс бетіне орнатыңыз. Заттарды ешқашан желдеткіш саңылауларына кіргізбеңіз. Pro Display XDR мониторы түскен, күйген, тесілген немесе сынған жағдайда немесе ол майлар мен лосьондар сияқты сұйықтыққа тиген жағдайда зақымдалады. Зақымдалған Pro Display XDR мониторын, мысалы, экраны сынған, пайдаланбаңыз, себебі ол жарақаттауы мүмкін.
Сұйықтыққа қалдыру. Pro Display XDR мониторыңызды сусындар, майлар, лосьондар, шұңғылшалар, ванналар, душ бөлмелері сияқты сұйықтық көздерінен алыс ұстаңыз. Pro Display XDR мониторыңызды жаңбыр, қар және тұман сияқты дымқыл, ылғал немесе сулы ауа райынан қорғаңыз.
Температура. Pro Display XDR мониторын өте жоғары температураларға (ортаның жұмыс температурасы 50° - 95° F немесе 10° - 35° C болуы керек), суға немесе ылғалға қалдырмаңыз. Pro Display XDR мониторы сыртқы қолданыс үшін ұсынылмайды.
Желдету. Pro Display XDR мониторыңыздың артқы желдету саңылауларын блоктамаңыз. Pro Display XDR мониторын желдету шектелген орындарға орналастырмаңыз (мысалы, шкафта немесе қабырғаға қатты жақын)
Сақтық шаралары. Монитор құлап, адамның қатты жарақаттануына немесе өлуіне әкелуі мүмкін. Көптеген жарақаттарды, атап айтқанда балалардың жарақаттануын мына сақтық шараларын орындау арқылы болдырмауға болады:
Pro Display XDR мониторыңызды орнату үшін тіректі немесе адаптерді пайдалану кезінде өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
Әрқашан Pro Display XDR мониторын көтере алатын жиһазды пайдаланыңыз.
Әрқашан Pro Display XDR мониторыңыздың тірегіш жиһаздың шетіне ілініп тұрмауын қамтамасыз етіңіз.
Әрқашан балаларға Pro Display XDR мониторыңызға жету үшін жиһазға мінудің қауіптілігі туралы айтыңыз.
Қысып алмау үшін әрқашан қолдарыңыз бен саусақтарыңызды тіректің қозғалатын бөліктерінен алыс ұстаңыз.
Pro Display XDR мониторыңызға қосылған сымдар мен кабельдерді әрқашан олар ілінбейтін, тартылмайтын немесе ұсталмайтын жолмен жүргізіңіз.
Pro Display XDR мониторыңызға қосылған сымдар мен кабельдерді әрқашан мониторды қауіпсіз бұруыңызға мүмкіндік беретін жолмен орналастырыңыз.
Pro Display XDR мониторыңызды ешқашан тұрақсыз орынға қоймаңыз.
Pro Display XDR мониторыңызды ешқашан ұзын жиһаз үстіне (мысалы, шкаф немесе кітап сөресі) жиһаз бен Pro Display XDR мониторының екеуін де қолайлы тіреуішке бекітпестен қоймаңыз.
Ешқашан Pro Display XDR мониторыңызды шүберектің немесе Pro Display XDR мониторы мен тірегіш жиһаз арасында орналасуы мүмкін басқа материалдардың үстіне қоймаңыз.
Pro Display XDR мониторыңыздың үстіне немесе айналасына балалардың монитордың немесе ол қойылған жиһаздың үстіне өрмелеуіне итермелейтін заттарды ешқашан қоймаңыз.
VESA Mount Adapter. Адаптерді Pro Display XDR мониторына тіркеместен бұрын VESA Mount Adapter адаптеріңізбен келген барлық орнату нұсқауларын және қауіпсіздік ақпаратын оқып шығыңыз. Сондай-ақ, VESA стандартымен үйлесімді 100x100 мм орнату шешімін VESA Mount Adapter адаптеріне тіркеместен бұрын онымен келген барлық орнату нұсқауларын және қауіпсіздік ақпаратын оқып шығыңыз. Осы нұсқауларды Pro Display XDR мониторының дұрыс орнатылуын және VESA баптау шешімін қамтамасыз ету үшін орындаңыз:
VESA орнату шешімі мен орнату әдісінің (болт немесе қапсырма түрі) Pro Display XDR мониторының салмағын (7,5 кг/16,5 фунт) көтеруге жеткілікті екенін тексеріңіз.
Орнату тақтасының қалыңдығы мен бұранда ұзындығының бұранданың орнату тақтасын VESA Mount Adapter адаптеріндегі қолжетімді резьбаның 8 мм-не дейін толық қатайтып, қысуына мүмкіндік беретінін тексеріңіз.
Pro Display XDR мониторына апаттық әсер болмайтын орнату орнын таңдаңыз.
Pro Display XDR мониторын төмен қаратып орнатпаңыз (мысалы, төбеге).
Ескертпе: Apple ұсынған Pro Stand тірегін немесе VESA Mount Adapter адаптерін тек Pro Display XDR мониторымен пайдалануға болады. VESA Mount Adapter адаптерін кез келген 100x100 мм VESA тірегімен немесе бекіткішімен пайдалануға болады.
Маңызды: Агенттіктің сәйкестік ақпараты мен сериялық нөмірі Pro Display XDR мониторыңыздың артында белгіленген және Pro Stand тірегін немесе VESA Mount Adapter адаптерін пайдалану кезінде жасырылуы мүмкін.
Қуат. Келесі жағдайлардың кез келгені орын алса, қуат сымын ажыратыңыз (сымнан емес, ашадан тартып) және барлық кабельдерді ажыратыңыз:
Қуат сымы немесе ашасы қырылса немесе басқаша зақымдалса.
Корпусқа бірнәрсе төгіп алдыңыз.
Pro Display XDR мониторыңыз жаңбырда немесе қатты ылғалда қалған.
Pro Display XDR мониторы түсіп кеткен немесе корпусы зақымдалған.
Pro Display XDR мониторыңызға қызмет көрсету немесе оны жөндеу қажет деп ойлайсыз.
Pro Display XDR мониторыңыздың корпусын тазалағыңыз келеді.
Маңызды: Қуатты толығымен өшірудің жалғыз жолы — қуат сымын ажырату. Pro Display XDR мониторын қажет кезде ажырата алу үшін қуат сымының кемінде бір ұшы оңай қол жететін жерде болуын тексеріңіз.
Қуат техникалық деректері:
Кернеу: 100-125 В~ немесе 220-240 В~
Ток: 100-125 В~, 4 А; немесе 220-240 В~, 2 А
Жиілік: 50 - 60 Гц
ЕСКЕРТУ: АТ сымында үш сымды жерге қосылатын аша (жерге қосу істігі бар аша) бар. Бұл аша тек жерге қосылған АТ розеткасына шақ келеді. Розетка жерге қосылмағандықтан ашаны розеткаға қоса алмасаңыз, розетканы дұрыс жерге қосылғанымен ауыстыру үшін лицензиясы бар электрикке хабарласыңыз. Жерге қосатын істіктің мақсатын бұзбаңыз.
Жөндеу. Pro Display XDR мониторына тек оқыған маман қызмет көрсетуі керек. Pro Display XDR мониторын бөлшектеу оны зақымдауы немесе сізді жарақаттауы мүмкін. Pro Display XDR мониторы зақымдалса немесе бұзылса, қызмет үшін Apple корпорациясына немесе Apple корпорациясының Өкілетті Қызмет жеткізушісіне хабарласыңыз. Оқыту курсынан өтпеген адамдар тарапынан немесе Apple компаниясының түпнұсқа емес бөліктерін пайдаланып орындалған жөндеулер құрылғының қауіпсіздігі мен жұмысына әсер етуі мүмкін. Жөндеулер мен қызмет туралы қосымша ақпаратты Apple Жөндеу веб-сайтынан таба аласыз.
Медициналық құрылғы кедергісі. Pro Display XDR электромагниттік өрістерді шығаратын компоненттерді, соның ішінде магниттерді қамтиды. Бұл электромагниттік өрістер кардиостимуляторлар мен дефибрилляторлар сияқты медициналық құрылғыларға кедергі келтіруі мүмкін. Медициналық құрылғыға арналған арнайы ақпарат және Pro Display XDR мониторыңыз бен медициналық құрылғыңыздың арасында қауіпсіз бөлу қашықтығын сақтау қеректігіңіз туралы дәрігеріңізден және медициналық құрылғы өндірушісінен кеңес алыңыз (6 дюйм-нан да көбірек немесе 15 см қашықтықта). Егер Pro Display XDR мониторы медициналық құрылғыңызға кедергі келтіреді деген күдік туса, iPro Display XDR мониторыңызды қолдануды тоқтатып, дәрігеріңізбен және медициналық құрылғыңыздың өндірушісімен кеңесіңіз.
Аурулар. Pro Display XDR мониторын пайдалану арқылы әсерленеді деп ойлайтын ауруларыңыз болса (мысалы, ұстамалы аурулар, құлақ естімеу, көздің шаршауы немесе бас ауру), Pro Display XDR мониторын пайдаланбастан бұрын дәрігерге қаралыңыз.
Қайталанатын қимыл. Pro Display XDR мониторында теру немесе ойындар ойнау сияқты қайталанатын әрекеттерді орындағанда, қолдарыңызда, білектеріңізде, білезіктеріңізде, иықтарыңызда, мойныңызда немесе денеңіздің басқа бөліктерінде қолайсыздықты сезінуіңіз мүмкін. Қолайсыздықты сезінсеңіз, Pro Display XDR мониторын пайдалануды тоқтатып, дәрігерге қаралыңыз.
Маңыздылығы жоғары әрекеттер. Pro Display XDR монитордың ақаулығы өлімге, адамның жарақаттануына немесе қатты қоршаған орта зақымына әкелуі мүмкін жерлерде пайдалануға арналмаған.
Жарылғыш және басқа атмосфералық жағдайлар. Pro Display XDR мониторыңызды ықтимал жарылысқа қауіпті орталарда—әсіресе жанғыш химиялық заттардың, газдардың немесе дән, шаң немесе металл ұнтақтары сияқты бөлшектердің жоғары мөлшері бар аймақтарда пайдалану қауіпті болуы мүмкін. Pro Display XDR мониторын өндірістік химиялық заттардың жоғары концентрациясы бар орталарға, соның ішінде гелий сияқты буланған, сұйытылған газдарға жақын қою Pro Display XDR мониторының функционалдығын зақымдауы немесе нашарлатуы мүмкін. Барлық таңбалар мен нұсқауларға жүгініңіз.