2019
Pro Display XDR мониторын VESA Mount Adapter адаптерінен ажырату
Apple Pro Display XDR мониторын VESA Mount Adapter адаптерінен ажырату үшін мына қадамдарды орындаңыз.
Шыныны сырып алмау үшін мониторды бетін төмен жұмсақ шүберекке қаратып орналастырыңыз.
Құлыпты сағат тілінің бағытына қарсы бұрау үшін берілген кілтті пайдаланыңыз.
Адаптерді Pro Display XDR мониторынан шығарып алыңыз.