Бірге келетін қосалқы құралдары бар 13 дюймдік MacBook Pro компьютерінің бүйірлік көрінісі.

Жаңа Mac компьютеріңізді қарау

MacBook Pro компьютерінің порттарына, қосқыштарына, қосалқы құралдары мен басқа мүмкіндіктеріне жылдам кіріспені алыңыз.

MacBook Pro компьютерін шолып шығыңыз

13 дюймдік MacBook Pro компьютерінің жоғарыдан көрінісі.

Жұмысты бастағыңыз келеді ме?

MacBook Pro компьютеріңізді қақпағын ашу немесе оны қуат көзіне қосу, не болмаса кез келген пернені басу арқылы іске қосыңыз. Setup Assistant нұсқауларын орындаңыз, сонымен болды, жұмыс істей бересіз.

Mac компьютеріңізді іске қосу

Түрлі құрылғылардан ашылған iCloud мазмұны.

Үндестірген күйде болыңыз

iCloud қызметімен құжаттарға, фотосуреттерге және т.б барлық құрылғыларыңыздан қатынаңыз. Және MacBook Pro компьютеріңізді iOS және iPadOS құрылғыларыңызбен телефон қоңырауларын шалу және қабылдау, құрылғылар арасында көшіру және қою немесе Instant Hotspot жасау үшін пайдаланыңыз.

MacBook Pro компьютеріңізді iCloud қызметімен және Continuity мүмкіндігімен пайдалану

MacBook Pro компьютеріңізге қосылған қолданбалардың белгішелері.

Шығармашылыққа ерік беріңіз

MacBook Pro компьютеріңіз орындағыңыз келетін барлық нәрселерге арналған қолданбалармен келеді. Фотосуреттеріңізді өңдеңіз және бөлісіңіз. Музыканы, кітаптарды, фильмдерді және т.б. тамашалаңыз. Көрсетілімдер жасаңыз. Және App Store дүкенінде жаңа қолданбаларды табыңыз.

Mac компьютеріңізбен берілген қолданбалар туралы мәліметер алу

Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.