MacBook Pro компьютеріңіздегі жаңа мүмкіндіктер
Mac компьютеріңізді барынша пайдалануыңызға көмектесу үшін macOS Ventura жүйесі жаңа мүмкіндіктер мен жаңартуларды ұсынады.
Көбірек тапсырмаларды орындау үшін өнімділігіңіз бен шығармашылығыңызды жаңа жолдармен келесі деңгейге көтеріңіз:
Mail: Жаңа ғана жіберілген электрондық пошта хабарын қайтарыңыз, электрондық пошта хабарларын қалаған кезде жіберілетін етіп жоспарлаңыз және жауап беру немесе электрондық пошта хабарына кейінірек оралу үшін еске салғыштарды алыңыз. Mail қолданбасында іздеген кезде, енді құжаттар мен сілтемелер сияқты соңғы бөлісілген контентке қатысты ұсыныстар аласыз. Search мүмкіндігі нақтырақ нәтижелерді де береді: ол қате жіберген кезіңізден хабардар болады және іздеу терминдеріңіз үшін синонимдерді іздейді. Mail бөлімін қараңыз.
Stage Manager: Жұмыс үстеліңіз таза болуы үшін қолданбаларыңыз бен терезелеріңізді автоматты түрде реттеңіз. Назар аударғыңыз келетін нәрсе алдыңғы жақта және ортада бүйірде реттелген және бір басу арқылы қолжетімді басқа терезелермен бірге орналасқан. Mac компьютеріңізде терезені басқару бөлімін қараңыз.
Spotlight: Spotlight көмегімен таймерді орнату сияқты Жылдам әрекеттерді орындауыңызға болады. Ал Spotlight қолданбасындағы жақсартылған суетті іздеу мүмкіндігі Photos, Messages және т.б. суреттерді іздеуіңізге немесе суреттердегі нақты мәтінді іздеу үшін Live Text мүмкіндігін пайдалануыңызға мүмкіндік береді. Mac компьютеріңіздегі Spotlight бөлімін қараңыз.
Safari: Құпиялығыңызды қорғауға бағытталған әлемнің ең жылдам браузері. * Safari браузерінде енгі құпия кілттер бар, ол сізді фишинг пен деректер ағуынан қауіпсіз сақтайтын кірудің бұрынғыдан да қауіпсіз жолы болып табылады. Safari бөлімін қараңыз.
Focus: Focus мүмкіндігін қазіргі орындап жатқан тапсырмаңызға сәйкстендіру және белгілі бір адамдардан немесе қолданбалардан келген хабарландыруға, телефон қоңырауларына немесе алдағы оқиғаларға және т.б. рұқсат ету үшін теңшеуге арналған қосымша опциялар. Focus түріңізді құрылғылар арасында бөлісіңіз және Focus сүзгілерін Calendar, Messages, Safari және Mail сияқты қолданбаларда алаңдататын контентті жасыру үшін пайдаланыңыз. Mac компьютеріңіздегі Notification Center терезесі бөлімін қараңыз.
Сүйікті қолданбаларыңызда тәжірибеңізбен бөлісіңіз және қолайлы жолмен бірлесіп жұмыс істеңіз:
Messages: Messages қолданбасын енді Keynote, Numbers, Pages, Notes және т.б. сияқты басқа қолданбалардағы жобаларда іскерлесуге шақыру жіберу үшін пайдалануға болады. Messages қолданбасы енді басқа жаңа мүмкіндіктерді, соның ішінде соңғы жіберген хабарды ол жіберілгеннен кейін 2 минутқа дейінгі уақытта қайтару немесе соңғы жіберілген хабарды ол жіберілгеннен кейін 15 минут ішінде бес ретке дейін өңдеу мүмкіндігін қамтиды. Messages бөлімін қараңыз.
iCloud Shared Photo Library: Басқа бес адамға дейін бөлісуіңізге болатын фотосуреттер мен бейнелерді кітапханаға қосыңыз. Барлық адамдардың өзгертулері, пікірлері және жаңа контенті басқа біреулерге көрсетіледі және жеке кітапханаңыздан нақты адамдары бар немесе белгілі бір күннен сияқты белгілі бір фотосуреттерді немесе бейнелерді автоматты түрде қосу үшін смарт ұсыныстарды пайдалануыңызға болады. Photos бөлімін қараңыз.
Activity Stream: Activity Stream көмегімен Numbers, Keynote немесе Pages құжатында іскерлесу кезінде әрбір өзгертуді бақылап отыра аласыз. Бүйірлік жолақтағы толық тізім барлық өңдеулерді, пікірлерді және басқа файлды басқару өзгертулерін көрсетеді. Pages, Keynote және Numbers бөлімдерін қараңыз.
Mac компьютеріңізді және барлық құрылғыларыңызды бірге жаңа жолдармен пайдалану:
Continuity Camera: Енді бейнеқоңырауда кезіңізде iPhone құрылғыңызды веб-камера ретінде пайдалануыңызға болады және ол сымсыз жұмыс істейді. Сондай-ақ бетіңізді көрсету кезінде үстеліңізде не бар екенін бөлісу үшін Desk View мүмкіндігін пайдалануыңызға да болады. iPhone 11 немесе одан кейінгі құрылғыда қолжетімді. Mac компьютеріңіздегі Continuity Camera бөлімін қараңыз.
FaceTime: FaceTime қолданбасында енді құрылғылар арасында қоңырауды бере аласыз. Егер жолда болсаңыз және iPhone құрылғыңызда FaceTime қоңырауын бастасаңыз, үйге жеткен кезде оны MacBook Pro компьютеріңізге өткізуіңізге болады. Не болмаса, FaceTime қоңырауын үстеліңізде бастап, үйден шыққанда қоңырауды жалғастыра беруіңізге болады. FaceTime бөлімін қараңыз.
Home: Home қолданбасы барлық қосалқы құралдарыңызды шарлау, ұйымдастыру, қарау және басқару әрекеттерін оңайлататын толығымен жаңа дизайнға ие. Бүкіл үйіңізді бір қарағаннан көріңіз, бөлме бойынша тиісті қосалқы құралдарыңыздың барлығына жылдам қатынау үшін санаттарды пайдаланыңыз және қосалқы құралдарды, санаттар мен бөлмелерді жаңартылған бүйірлік тақтамен және жаңа тақта дизайнымен шарлаңыз. Home бөлімін қараңыз.
Және көптеген басқа нәрселер. macOS Ventura жүйесі мына жаңа мүмкіндіктерді де қамтамасыз етеді:
Notes: Енді Mac кіру құпия сөзіңізді жазбаны құлыптау үшін пайдалануыңызға болады. Ескертпелерді Tags, Mentions, Quick Notes, Date Created және т.б. бойынша автоматты түрде таба алатын Смарт қалталар арқылы ескертпелеріңізді оңайырақ ұйымдастыра да аласызe. Notes бөлімін қараңыз.
Reminders: Today және Scheduled Lists тізімдері еске салғыштарды қарау мен қосуды оңайлататын уақыт пен күнге негізделген топтастыру арқылы жақсартылды. Саяхат үшін сөмке жинау тізімі, жобаның тексеру тізімі немесе басқа бірнәрсе болса да тізімді кейінірек пайдалану үшін үлгі ретінде сақтауыңызға да болады. Reminders бөлімін қараңыз.
Clock: iPad және iPhone құрылғысындағы «Сағат» қолданбасы енді Mac компьютеріңізде қолжетімді. Қолданба ішінде әлемдік сағаттарды, таймерлерді және дабылдарды орнатудан басқа, мәзір жолағынан немесе Finder қолданбасынан немесе Siri көмекшісінен сұрау арқылы қол жеткізуге болатын теңшелген Сағат таңбашаларын жасауыңызға да болады. macOS жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығындағы Clock бөлімін қараңыз.
System Settings: System Preferences үшін жаңа көрініс. Mac компьютеріңіздегі System Settings терезесі бөлімін қараңыз.
Accessibility: Бейне қарау, дыбысты тыңдау кезінде, сөйлесулер немесе FaceTime қоңыраулары кезінде Live Captions (Beta) мәтіндерін қараңыз. Зейініңізді шоғырландыруыңызға көмектесу үшін фондық дыбыстарды ойнатыңыз. Voice Over және ауысша контент үшін пайдалану мақсатында жаңа тілдер мен дауыстарды таңдаңыз. Негізгі пішімдеу ақауларын тексеру үшін Voice Over мүмкіндігін пайдалануыңызға болады. Voice Control мүмкіндігін FaceTime қоңырауларын тоқтату және өзгертпелі емлені әріптеп айту үшін пайдаланыңыз. Доспен ойнау кезінде екі басқару құралын байланыстырыңыз. Mac компьютеріңіздегі Accessibility бөлімін қараңыз.
News: News қолданбасында My Sports мүмкіндігі сүйікті командаларыңызды, лигаларыңызды және спортшыларыңызды бақылауыңызға; ең соңғы мақалаларды көру үшін арнаңызды теңшеуіңізге; ерекше сәттерді қарауыңызға; және өзіңізге ұнайтын командалар мен лигалар үшін ұпайларды, кестелерді және турнирлік кестелерді алуыңызға мүмкіндік береді. News бөлімін қараңыз.
Weather: Weather қолданбасы үлкен дисплейге оңтайландырылған дизайнмен, соның ішінде иммерсивті анимациялармен, толық карталармен және басылатын болжам модульдерімен енді Mac компьютеріңізде қолжетімді. macOS жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығындағы Weather бөлімін қараңыз.