Apple ID

AppleID идентификаторыңыз — Apple құрылғысымен—соның ішінде App Store, Apple TV қолданбасы, Apple Book Store, iCloud, Messages және т.б. қызметтермен орындайтын барлық нәрсе үшін пайдаланатын тіркелгіңіз.

Apple ID электрондық пошта мекенжайы мен құпия сөзден тұрады. Кез келген Apple қызметін, кез келген құрылғыда—ол компьютеріңіз, iOS құрылғыңыз, iPadOS құрылғыңыз немесе Apple Watch құрылғыңыз болсын, пайдалану үшін бірдей Apple ID идентификаторымен кіріңіз. Apple ID идентификаторыңызбен кіру атты Apple Support мақаласын қараңыз.

Жеке Apple ID идентификаторыңыз болғаны және оны бөліспегеніңіз дұрыс. Apple ID туралы қосымша мәліметтер алу үшін Apple ID қолдау бетін қараңыз. Біреуін жасау үшін Apple ID тіркелгісінің веб-торабына өтіңіз.

Ескертпе: Кейбір орындарда Apple ID идентификаторыңыз ретінде электрондық пошта мекенжайыңыздың орнына телефон нөмірді пайдалануыңызға болады. Ұялы телефоныңыздың нөмірін Apple ID идентификаторыңыз ретінде пайдалану атты Apple Support мақаласын қараңыз.